.RU

Әож 373 02: 004 Қолжазба құқында

бет1/2Дата13.06.2017өлшемі0.51 Mb. 1 2
ӘОЖ 373.1.02:004 Қолжазба құқында

АХМЕТ ЛАУРА СМАТУЛЛАҚЫЗЫ

Жоғары сынып оқушыларына компьютерлік

технологияны меңгертудің педагогикалық шарттары

(технология пәні материалында)

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика

және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертациясының
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Шымкент, 2009

Жұмыс М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының

докторы, профессор

Ұзақбаева С.А.
педагогика ғылымдарының

докторы, профессор

Жолдасбекова С.А.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының

докторы, профессор

Абдукадыров А.А.

педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент

Әмірбекұлы А.


Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ

ұлттық педагогикалық университеті

Диссертация 2010 жылдың сағат М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.20.01 диссертациялық кеңесінде қорғалды. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5., 342 ауд.


Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, 2-қабат.

Автореферат 2009 жылдың таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы И.Б.Сихымбаев



КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі күні адамзат дамуының жаңа сатыларының бірі компьютерлік қоғамға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты жаңа бағдарламалар тасқынын, ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде меңгеруге қажеттілік арта түсуде. Әрі, білім беру жүйесінде компьютерлер кең көлемде пайдаланыла бастағандықтан «жаңа ақпараттық технологияға оқыту» немесе «компьютерлік технология» деген ұғымдары пайда болды. Компьютерлік технологияға оқыту – бұл ақпаратты даярлау және оны оқушыға беру процесі, ол компьютер арқылы жүзеге асырылады. Компьютерлік технология – компьютердің есте сақтау қорында сақталатын педагогикалық бағдарламалық құралдарында және телекоммуникациялық желінің мүмкіндіктерінде көрініс алған кейбір модельдің мазмұнын пайдалануға негізделеді.

Ақпараттық оқыту технологиясын жобалау оқыту құралдарының жаңа түрін жасаумен бірге, оларды оқу процесінде пайдаланудың әдістерін жасауды қарастырады. Әртүрлі педагогикалық технологияның тұжырымдамасын жасаумен Кусайнов Г.М., Кукушкина В.С., Н.Ф.Талызина, М.В.Кларин, Ф.Янушкев және т.б. айналысқан. Жаңа педагогикалық технологияны жобалауға байланысты жалпы мәселелер мен (Ж.У.Кобдикова, Б.О.Қуанбаева, С.К.Исламгулова, П.Беспалько, И.И.Ильясов пен Н.А.Галатенко және т.б.) педагогикалық технологияны сабақтарда пайдалану (Е.П.Белкин, В.М.Полонский, М.С.Бикбулатова және т.б.) бойынша да бірқатар зерттеулер орындалған.

Соңғы жылдарда орындалған еңбектер оқыту процесін оңтайландыру мәселесін шешуде компьютерлік технологияны пайдалану қажеттігін ұсынады (Ж.А. Қараев, К.З.Халықова, А.А.Абдукадыров, К.К.Бойкачев, В.Ф. Венда мен Б.Ф. Ломов, А.А.Жолдасбеков, Е.И.Бидайбеков, О.Сыздық, С.М.Кеңесбаев, Л.В.Нефедова, Б.Д Сыздықов, К.Ж Садвакасова, С.А.Нұрпеисова, Б.К.Тульбасова және т.б.). Әсіресе оқыту процесінде компьютерді практикалық, әдістемелік тұрғыда пайдалану, пән оқытушыларына жаңа ақпараттық технологияны мазмұндық тұрғыда оқыту жүйесін жасау, компьютерлік ақпараттық технология әдістері мен құралдарын пайдалану, оқытудың ақпараттық моделін құру, оқытушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру мәселелеріне аса мән береді.

Технологияның жалпы проблемаларының бірі – компьютерлік оқытудың бағдарламасын жасау, бағдарламалық нәтижеге негізделген жіктеме мен аспаптық құралдарға талаптар ұсыну және компьютерлік графика: Исабек Н., А.Т.Воронин мен Ю.А.Чернышевтың, Н.В.Ретинская мен М.В. Шугринаның, М.В.Булгаков, А.Е. Пушкин, С.С.Фоминдердің және т.б. еңбектерінде қарастырылса, Н.Г.Конаева, Н.З.Новик және т.б. аспаптық жүйе бойынша нақты ұсыныстар береді. Бірқатар авторлар (В.Н.Агеев, Ю.М.Тараскин, O.K Тихомиров, Г.Б.Ахметова, Ж.М.Тусубаева, Г.К.Нургалиева, Г.С.Кудебаева, Д.М.Джусубалиева, А.Әмірбекұлы, Б.А.Досжанов және т.б.) оқытуда мультимедия және гипермәтіндік жүйені пайдалану, қашықтан оқыту жолдары туралы айтады.

Ғылыми зерттеулер мен озық тәжірибелерге жасаған талдау жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту мәселесінің әлі де болса өз шешімін таба қоймағанын, компьютерлік технологияны оқытуда түсініксіз мәселенің көптеп кездесетінін дәлелдейді. Компьютерлік бағдарламалық құралды пайдалану да технологиялық оқытудың кейбір кезеңдерінде, онда да алғашқы білімді қалыптастыру, оқыту нәтижесін бақылау мен түзету мақсатында ғана жүзеге асырылады. Сонымен бірге компьютерлік бағдарламалық құралдарды жасауға және оны оқытуға, ендіруге байланысты бірегей, іргелі көзқарас та болған емес. Мектеп оқытушыларының осы саладағы даярлығы да сұраныстан шыға бермейді. Нәтижесінде осының бәрі оқушының компьютерлік технологияны терең меңгеруіне кедергісін келтіреді.

Демек, оқушыларға комппьютерлік технологияны меңгертуге қоғамның сұранысы мен жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушыларының компьютерлік технологияны меңгеруінің арасында; компьютерлік технологияның мүмкіндіктері мен олардың жалпы білім беретін мектептерде аз пайдалануының арасында; оқушылардың компьютерлік технологияны меңгеруге ынта-қызығушылығын қалыптастыру қажеттігі мен қажетті ғылыми-әдістемелік құралдардың жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалады.

Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгертудің педагогикалық шарттары (технология пәні материалында)» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу обьектісі: жалпы білім беретін мектеп оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту процесі.

Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларының компьютерлік технологияны меңгеруін қаматамасыздандыратын педагогикалық шарттарының жиынтығы.

Зерттеу мақсаты – жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгертуді теориялық тұрғыда негіздеу және мазмұны мен әдістемесін жасау.

Зерттеудің болжамы: егер жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту процесі арнайы жасалған аспаптық жүйе арқылы жүзеге асырылса және әдістемелік, ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың компьютерлік технологиядан білім, іскерлік, дағды деңгейі артады, ал бұл болса оқушыларды өздігімен дербес шығармашылық ізденіске бағдарлайды, берілген тапсырманы сапалы орындауға үйретеді.

Зерттеудің міндеттері:

- жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгертудің теориялық негіздерін айқындау;

- компьютерлік технологияны оқыту моделін және жоғары сынып оқушыларының осы компьютерлік технологияны меңгеруінің моделін жасау;

- жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту процесін аспаптық бағдарламалық тұрғыда қолдау құрылымын және оны педагогикалық тұрғыда жобалауды бағдарламамен қамтамасыздандыру құрылымын жасау;

- жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгертуді қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттарды анықтау;

- жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгертудің әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент барысында тексерістен өткізу.



Зерттеудің жетекші идеясы: жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны нақты нұсқаулардан тұратын аспаптық бағдарламалық жүйе бойынша меңгерту олардың компьютерлік технологиядан жинаған білім-білігін іс-әрекеттерде еркін пайдалануына септігін тигізеді.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып болмыстағы өзара байланыс пен өзара келісімділік туралы философиялық қағидалар жүйесі, көзқарас принциптері мен әдістері, тұлғаның танымдық, құндылық, іс-әрекет теориясы, жалпы білім беру процесінде тұлғаны қалыптастыру теориясы, компьютерді соның ішінде компьютерлік технологияны пайдаланудағы әдіснамалық және практикалық проблемалар саналады.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасына байланысты философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтар мен педагогтардың, дизайнерлердің, информатиктердің еңбектері, ҚР-сы үкіметінің ресми материалдары (Заңдар, Қаулы-қарарлар, баяндамалар, қағидалар т.б.), Білім және Ғылым министрлігінің нормативті құжаттары (Білімді ақпараттандыру тұжырымдамасы, стандарттары, кешенді бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.), мектеп құжаттары (оқу жоспарлары, әдістемелік құралдар т.б.), ізденушінің педагогикалық, зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы саласында басылым көрген әдебиеттерді теориялық тұрғыда талдау, оқытушылардың озық тәжірибесін зерделеу, педагогикалық эксперимент, бақылау, компьютерлік диагностика, модельдеу, сауалнама жүргізу, зерттеу нәтижелеріне сандық-сапалық талдау, тапсырмалар даярлау, эксперимент деректерін математикалық өңдеуден өткізу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- компьютерлік технологияны оқыту моделі және жоғары сынып оқушыларынының осы компьютерлік технологияны меңгеруінің моделі жасалды;

- жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту процесін аспаптық бағдарламалық тұрғыда қолдау құрылымы жасалды;

- жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту процесін педагогикалық тұрғыда жобалауды бағдарламамен қамтамасыздандыру құрылымы жасалды;

- жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны тиімді меңгертуді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар анықталды;

- жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгертудің мазмұны мен әдістемесі теориялық тұрғыда дәлелденіп практика жүзінде тексерістен өтті.



Зерттеудің практикалық маңыздылығы: мектеп оқушылары мен оқытушыларына арнап:

  • компьютерлік технологияны меңгертудің аспаптық бағдарламалық жүйесі;

  • компьютерлік қолдау арқылы сабақты өткізу технологиясы;

  • сабаққа даярлықты әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру моделі;

  • «Технология» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені (оқу құралдары, электронды оқулықтар («Костюм және стиль», «Ұлттық бас киімдерді өңдеу технологиясы»), «Компьютерлік технологияны тігін бұйымдарын өңдеуде қолдану» атты факультативтік курс бағдарламасы және т.б.) жасалды.

Зерттеу нәтижесін жалпы білім беретін мектеп, гимназиялар мен лицейлерде жоғары және арнайы орта оқу орындарында, оқытушылар білігін жетілдіретін мекемелерде пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

- компьютерлік технологияны оқыту моделі оқушылардың іс-әрекетіне бағдарламалық тұрғыда қолдау жасайды. Жоғары сынып оқушыларының компьютерлік технологияны меңгеруінің моделі мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттер бірлігінде байқалады және өлшемдер көрсеткіштер, деңгейлермен сипатталады.

- жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту процесін аспаптық бағдарламалық тұрғыда қолдау құрылымы оқытушының сабаққа даярлығы мен оны өткізудегі және оқушыға ықпал етудегі іс-әрекетін қолдаудағы қосалқы құрылымдардан тұрады.

- жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту процесін педагогикалық тұрғыда жобалауды бағдарламамен қамтамасыздандыру құрылымы оқу сабақтарының модельдерінен, оқу материалдарының кадрларынан және іс-әрекетке қызмет ететін ақпараттық компоненттерінен тұрады.

- педагогикалық шарттар жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны тиімді меңгертуді қамтамасыздандырады.

- жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны сабақ процесінде меңгерту әдістемесі сабақ модульдерінің мазмұнын құруды, сұрыптап алынған оқу әрекетінің мазмұны мен жобасын сипаттауды, мәтіндік үлгілерді сұрыптап, компьютерге енгізуді, мәтіндік оқу ақпаратын көрсетуді, меңгерілетін материалдың құрылымын түзуді және т.б. қарастырады.



Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (2002-2004 ж.ж) зерттеу проблемасы айқындалды, ғылыми және ұғымдық аппараты құрылды, материалдар жиналды. Эксперимент жұмысының жоспары жасалды, анықтау эксперименті жүргізілді. Оқыту бағдарламасына арнап материалдар сұрыпталды, жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер, амал-жолдар айқындалды. Екінші кезеңде (2005-2007 ж.ж.) қалыптастыру эксперименті жүзеге асты, аспаптық бағдарламалық құралдар тексерістен өтті, оларға толықтырулар енгізілді, әрбір кезеңдерде кесінділер алынды. Нәтижесі қорытындыланды, бағдарламалар басылым көрді. Үшінші кезеңде (2008-2009ж.ж.) тәжірибелі-эксперимент нәтижелері өңдеуден өткізілді. Зерттеу нәтижесі қорытындыланды, ұсыныстар жасалды, пайдаланған әдебиеттер жүйеге келтірілді. Диссертация талап бойынша рәсімделді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, өзара ішкі бірлігімен, кешенді әдістерді пайдаланумен, эксперимент бағдарламасының мақсатқа сәйкестілігімен, алғашқы және соңғы көрсеткіш нәтижелерінің қорытындылануымен, алынған нәтижелердің практикаға ендірілуімен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу базасы: Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Ш.Уалиханов атындағы кешенді мектеп гимназиясында, осы ауданның Н.Нысанбайұлы атындағы орта мектебінде, Шымкент қаласындағы №31 В.Терешкова атындағы орта мектебінде, №46 Ш.Айтматов атындағы орта мектебінде, Қазығұрт ауданы, Рабат елді мекеніндегі П.Тәжібаева атындағы орта мектебінде, Төле би ауданы, Нысанбек шағын жинақты орта мектептерінде өткізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің негізгі қағидалары жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндалып, бірнеше ғылыми мақалалар жарияланып, сынақтан өтті, автор жазған оқу құралдары, электронды оқулық, әдістемелік нұсқаулар мен факультативтік курс бағдарламасы арқылы іс-тәжірибеге ендірілді.

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріcпеде зерттеу тақырыбының көкейкеcтілігі негізделеді, ғылыми аппарат (мақcаты, объектіcі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіcнамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, жаңалығы, теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұcынылатын қағидалары) беріледі.

«Жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгертудің педагогикалық негіздері» атты бірінші тарауда жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгертудің мәні, компьютерлік технологияны меңгертудің психологиялық-педагогикалық аспектілері мазмұндалады, компьютерлік технологияны оқытудың моделі және жоғары сынып оқушыларының компьютерлік технологияны меңгеруінің моделі жасалып, құрылымдық сипаты анықталады.

«Жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту әдістемесі» атты екінші тарауда жоғары сынып оқушыларына аспаптар жүйесі негізінде жасалған компьютерлік технологияны меңгертудің оқу әдістемелік кешені (оқу бағдарламалары, оқу құралдары, электрондық оқулық, әдіcтемелік нұсқаулар және т.б.) және оны жүзеге аcырудың формалары мен әдіcтері беріледі. Тәжірибелі-экcперимент жұмыcының нәтижелері cипатталады.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен ғылыми-әдіcтемелік ұcыныcтар беріледі.
Негізгі бөлім
Оқытуды компьютерлендірудің негізін әлеуметтік процесс ретінде екі бағыт құрайды: білімді компьютерлендіру және оқытуды компьютерлендіру. Оқытуды компьютерлендіру компьютерді қолданудың тікелей оқытуға байланысты саласын ғана қамтиды. Бұл тұрғыда компьютерді пайдалану кеңістігі аса көлемді (оқыту сабақтары, оқушыларды тестілеу, білімді бақылау, ойын сабақтары және т.б.) болып табылады.

Қазіргі кезде оқытуды компьютерлендіру компьютерге берілетін іс-әрекеттер тұрғысынан қарастырыла бастады (Н.Ф.Талызина, Т.В.Габай т.б.). Оқу процесінде компьютер зерттеудің объектісі де, оқытудың құралы да бола алады, яғни оқытуды компьютерлендірудің екі бағыты болуы мүмкін. Біріншіден, білім, іскерлік және дағдыны меңгеру компьютердің мүмкіндіктерін танып-білуге, сонымен бірге оны әртүрлі тапсырмалардың шешімін іздестіруде пайдалануға, басқаша айтқанда, компьютерлік сауаттылықты меңгеруге бағыттайды. Екіншіден, компьютер оқытудың пәрменділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Компьютерді оқыту процесінде пайдалану идеясы оқытуды бағдарламалау тұжырымдамасы аясында пайда болды. Б.Ф. Скиннер жасап шығарған оқытуды бағдарламалау тұжырымдамасының ең басты элементі болып – дидактикалық машинаның немесе бағдарламаланған оқулықтың көмегімен берілетін тапсырмалардың жүйелі бірізділіктегі бағдарламасы саналады. Оқытудың сипатына және шамамен берілетін жауаптарға байланысты тікелей, тармақталған, аралас бағдарламаларды бір-бірінен ажыратып таниды.

Бағдарламаланған оқыту дидактикалық технология деп аталатын оқытудың жаңа технологиясының негізі ретінде қабылдана бастады. Компьютердің басымдылығы ең алдымен оқытуды дербестендірудің мүмкіндіктерін кеңейту тұрғысында қарастырылды. Алғашқы оқыту жүйелері өзінің дидактикалық мүмкіндіктері бойынша бұрынғы оқушы әрекетінде пайдаланған оқытудың қарапайым техникалық құралдарынан онша ерекшелене қойған жоқ. Әйтседе, осындай алғашқы жасалымдар компьютерлік оқытуға деген қызығушылықты оятып, компьютермен оқыту жүйелерін жасау жөніндегі жұмыстарды жандандыра түсті.

Кейінгі уақытта көптеген авторлар, (С.И. Архангельский, Б.Ф. Ломов, Б.С. Гершунский, Е.И. Машбиц және т.б.) оқыту процесін оңтайландыру мәселелерін компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланыстырады. Бұл жұмыстарда ЭЕМ-ді оқыту процесінде практика жүзінде пайдаланудың мол тәжірбиесі жинақталған және оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің әртүрлі кезеңдерінде компьютерді пайдаланудың іргелі психологиялық-педагогикалық негіздері көрініс алған.

Бірқатар жұмыстарда (В.П. Беспалько, В.И Боголюбов, И. Марев, Г.К. Селевко, И.И. Ильясов және т.б.) педагогикалық технологияның маңызды белгілері атап көрсетіледі, солардың ішінде диагностикалық мақсатты білім беру, оқыту ісіндегі жүйелілік, нәтижелілік, тұтастылық, басқарушылық, өнімділік, жобалаушылық, көрнекілік (әртүрлі аудиовизуалдық, компьютерлік техникаларды қолдану, түрлі дидактикалық материалдар мен көрнекілік құралдарды құрастыру және пайдалану), үнемділік (мұғалімнің еңбегін оңтайландыру, қысқа мерзімде нәтижеге қол жеткізу сияқты технология сапасын көрсететін) белсенді түрде үзіліссіз болып отыратын кері байланыстың мүмкіндігі және т.б. аса мән беріледі.

Ғылыми еңбектерге жасаған талдау авторлардың көпшілігі компьютердің оқыту процесіндегі педагогикалық мүмкіндіктерінің жоғары екендігін көрсетеді. Әйтседе, компьютерді пайдалану тиімді болады сол кезде, егер педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасау барысында құрастырушылар компьютердің оқушымен өзара әрекеттегі дидактикалық және психологиялық принциптерін ескергенде. Білімді технологияландырудың теориялық негіздері ғылыми әдебиеттерде кейінгі жылдары ғана айқындала бастаған педагогикалық жобалаумен үзіліссіз байланыста болып отыр. Компьютерлік технология бағдарламалық оқыту идеяларын дамытады, қазіргі заман компьютерлері мен телекоммуникацияларының ерекше мүмкіндіктерімен байланысты әлі зерттеле қоймаған оқытудың жаңа технологиялық үлгілерін ашып береді.

Қазіргі жағдайда компьютерлік технология адамзат тіршілігінің барлық бағытына енген, олар біздің де зерттеуімізге аса қызығушылық туындатады. Компьютерлік технология деп қазіргі есептеу техникасы мен бағдарламалық тұрғыда қамтамасыздандыратын құралдарды пайдалану арқылы адамзат әрекетінің барлық түрлеріндегі ақпаратты өңдеуге байланысты жобаланып, жасалған процесті жүйелі бірізділікте қолдануды айтады.

Компьютерлік технологияның даму деңгейі, ең алдымен, тез жаңаруға, жетілдіруге бағытталған аппараттық және бағдарламалық құралдардың жағдайымен анықталады. Аппараттық-бағдарламалық сипаттамалар, әсіресе білім беру жүйесіндегі дидактикалық процестерді дамыту үшін аса маңызды.

Компьютерлік технологияның үш негізгі құрамы бар: 1) техниканың өзі (бұл ақпараттық жүйені техникалық жағынан қамтамасыз етуді көздейді); 2) осы техникада ақпаратты өңдеу бағдарламалары (бұл жүйенің бағдарламалық тұрғыда қамтамасыз етілуін қарастырады); 3) ақпарат нәтижесі (бұл осы бағдарламалар бойынша техникада өңделеді).

Компьютерлік технологияны пайдалану оқытудың мақсаты мен мазмұнын өзгертеді, оқытудың жаңа әдістері мен ұйымдастырушылық формалары пайда болады. Компьютерлік технологияны күнделікті тапсырманы шешуде пайдалана білу әрбір оқушы даярлығының міндетті компонентінің бірі болып табылады. Сол себепті мектептің алдында оқушыны, соның ішінде жоғары сынып оқушысын әртүрлі сипаттағы компьютерлік технологияны пайдалана білуге үйрету тапсырмасы тұр.

Жоғары сынып оқушыларының мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру компьютерлік технологияны оқытудың құралы, пәнді оқыту, тапсырмаларды шешетін жұмыс жабдығы тұрғысында пайдалануды болжайды.

Компьютерлік технологияны жоғары сынып оқушыларының даярлығында пайдаланудың тиімділігі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды пайдаланылған педагогикалық құралдардың тұжырымдамалық тұрғыда жасалуына, оқытушының оқу-ақпараттық ортаға бейімделуіне, оқушылардың тапсырмаларды ақпараттық технологияның көмегімен шешуге даяр болуына байланысты. Жоғары сынып оқушыларын компьютерлік технологияға қажетті білім негіздерін меңгеріп, практикада пайдалану тәжірибесін жинақтауы қажет және оларды іс-әрекеттерде қолдануға байланысты даярлықты меңгеруі тиіс.

Компьютерлік технологияны меңгеру олардың атқаратын міндетін, пайдалану салаларын, жұмыстағы негізгі принциптерін білуді; технологияның ұсынған негізгі функционалдық мүмкіндіктерін білуді; технологияны жүзеге асырудағы бағдарламалық құралдармен жұмыс жасау әдістері мен амал-жолдарын білуді және оларды практикада қолдану іскерлігін білуді қарастырады.

Оқытуды компьютерлендіру оқыту технологиясын жетілдірудің белгілі бағыттарының бірі болып табылады, оның әсіресе жоғары сынып оқушыларына білім берудегі маңызы өте зор. Әртүрлі жоғары оқу орындарына түскелі отырған және қоғамдық өндірістің әртүрлі салаларында қызмет етуді көздеген жоғары сынып оқушылары үшін технологиялық жүйелердің негізгі заңдылықтары мен дамуын білумен бірге, оларға баға бере білу мен талдау жасауда оларды басқара білу де аса маңызды.

Мұндай талаптарды жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік білім беру стандарттары да қойып отыр. Онда дидактикалық және зерттеу құралдары болып табылатын алдыңғы қатарлы ақпараттық, коммуникациялық және компьютерлік технологияны меңгеру мен қолдана білу мәселесіне ерекше назар аударылған. Мұндай құралдар мектеп оқушылары мен оқытушыларына дербес компьютердің көмегімен әртүрлі сипаттағы тапсырмалардың шешімін іздестіруде нақты көмек бере алады.

Зерттеулерге жасалған талдау бізге өңделетін ақпараттардың түрлеріне қарай компьютерлік технологияның жіктемесін түзуге және кейбір технологияның педагогикалық іс-әрекеттерде қалай қолдануға болатынын қарастыруға мүмкіндік берді. Компьютерлік технологияның жіктемесі басқа ақпараттарды да қамтамасыз ете алатындықтан шартты түрде белгіленеді. Мысалы, кестелік процессорлар сандық ақпаратты да, мәтіндік ақпаратты да өңдеуден өткізе алады, сонымен бірге графика генерациясының қосынды аппаратын пайдаланады. Компьютерлік технологияның тесттік процессор құралы болса құжаттарды жасап, өңдеумен бірге, күрделі емес сандық есептеулерді орындау ммүкіндіктерін қарастырады. Сондықтан әрбір компьютерлік технология әйтсе де көпшілік жағдайда ақпараттың белгілі түрін өңдеуге және пайдалануға бағытталады.

Осы айтылғандардың негізінде біз жоғары сынып оқушыларының іс-әрекеті оқу тапсырмаларын табысты шешуге бағытталады, ал компьютерлік технологияны іс-әрекеттерде пайдалану – жоғары сынып оқушыларының өзінің іс-әрекетінде оқу мен зерттеу тапсырамаларын шешу мақсатында компьютерлік-ақпаратты ұйымдастырудағы мақсатты процесі деп түсінеміз.

Компьютерлік технологияны жоғары сынып оқушыларының сабақ және сабақтан тыс оқу әрекетінде пайдалану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді: жұмыстың өнімділігі артады; ақпараттарды жинаудың, өңдеудің, басқарудың пәрменділігі, оның дәлдігі, сенімділігі және жеделділігі артады; жаңа міндеттердің шешімін іздестіруде көмектеседі, өндіріске қажетті мәселелерді меңгереді, жұмысты ұйымдастыру мәдениетін арттырады және т.б.

Жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту проблемасы саласында орындалған зерттеулерге жасаған талдау ғалымдардың көбінесе мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттерге аса мән беретінін көрсетеді. Бұл өте орынды, өйткені мотивациялық компонент оқушылардың компьютерлік технологияға қызығушылығын, оны күнделікті іс-әрекетте қажетсінуін көздесе, мазмұндық компонент, қазіргі білім үшін оның мазмұнына компьютерлік технология негіздерін ендіру, сонымен бірге компьютерлік технология әдістері мен құралдарын барлық оқу пәндерінде пайдалану қажеттігін дұрыс түсінуге көздейді (А.П.Ершов, А.Я.Селевко, В.С.Леднев т.б.). Ал, іс-әрекеттік компонент болса оқыту процесінің ақпараттық моделін басқарудың жалпы теориясының негізінде және технологиялық жүйенің ақпараттық процесінің мәнінде құруды; компьютерді математикалық статистика әдістерін жүзеге асыруда пайдалануды; оқытудың мақсаттарын, нәтижелерін шартты және технологиялық тұрғыда сипаттауды және т.б. технологияны оқытудың компоненттерін қарастырады (С.Н.Архангельский, В.П.Беспалько, П.Ф.Талызина және т.б.).

Қазіргі зерттеулерде жоғары сынып оқушыларының компьютерлік технологияны практикалық іс-әрекеттерде меңгеруінің проблемасы нақты тәсілдер кешені арқылы шешімін табады. Біз соларға талдау беру нәтижесінде мынадай негізгі тәсілдерді анықтадық: жүйелілік және технологиялық, тұлғалық және іс-әрекеттік. Бұл тәсілдер жоғары сынып оқушыларының компьютерлік технологияны практикалық іс-әрекеттерде жоғары тиімділікпен пайдаланудағы даярлығын қалыптастыруды қамтамасыздандырады.

Жүйелілік тәсілі біздің зерттеуімізде мынадай міндеттерді атқарады: а) зерттелетін обьектінің мақсатына қарай нақты тапсырма беру (белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу, бұл орайда, мақсат жүйе құраушы фактор ретінде қызмет етеді); ә) зерттелетін обьектіні көрсететін құралдарды жасау (жүйелі талдау беру); б) жүйелі талдау әдістері мен амал-жолдардың көмегімен қорытындыланған модель құру.

Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттерін шешуде жүйелілік тәсілдің құрамдас бөлігі ретінде – технологиялық тәсілді пайдалану мүмкіндіктеріне де аса мән береміз. Сонымен бірге бірқатар авторлардың еңбектерінде (Т.А.Ильина, М.В.Кларин, Ю.Лавриков, В.Д.Симоненко, Н.В.Фомин және т.б.) жүйеленген технологиялық қатынастың басты қағидаларын зерттеуімізде негізге аламыз: педагогикалық технология адамның және материалдық технологияның мүмкіндіктерін оңтайлы жүзеге асыруға негізделген жеке және дара тұлғалық принциптерін ескере отырып іс-әрекеттік қатынас негізінде құрылады; педагогикалық іс-әрекеттер нақты алынатын нәтиженің түріне қарай мақсатты тапсырмаларға сәйкес түзіліп, жүзеге асырылады; негізге алынатын педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан қайта өндірілетіндей болуы керек, екіншіден, барлық оқушылардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне кепілдік беруі тиіс; іс-әрекет нәтижелерінің көрсеткіштері мен аспаптық өлшеулері диагностикалық тәртібі, ұстанатын өлшемдері педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі болып табылады.



Технологиялық тәсілдің аталған осы қағидалары жоғары сынып оқушыларының компьютерлік технологиядан білім деңгейін тексеруде және алынған нәтижелердің дәлелділігін негіздегенде ескеріледі.

Тұлғалық-бағдарлық тәсіл мазмұнында зерттеу барысында жоғары сынып оқушыларының компьютерлік технологияны меңгеруінің педагогикалық шарттарын анықтауда пайдаланған қағидалар (тұлғаның дамуын оның іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету; жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту процесін басқаруға үйлестірушілік және мотивациялық сипат беру; компьютерлік технологияны пайдалану арқылы жоғары сынып оқушыларына оның болашақ үшін мәнін түсіндіру, танымдық білімін қалыптастыру) көрініс алады.

Іс-әрекет тәсілінің негізгі қағидасы – тұлғаның білімі мен дамуы процесіндегі іс-әрекеттің жетекші рөлі болып табылады. Бұны біз жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту моделінің құрылымдық компоненттерін айқындау барысында ескереміз.

Компьютерлік оқытудың теориясы мен технологиясын практикада қолдану мынадай деңгейлерді қамтитын педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасауда көрініс алады: тұжырымдамалық, технологиялық, операциялық, педагогикалық және машина арқылы жүзеге асыру. Педагогикалық бағдарламалық құралдарды тұжырымдамалық тұрғыда жасау оқытушының, компьютердің және оқушының оқу процесіндегі өзара әрекетінің психологиялық механизмдерін құру болып табылады. Бағдарламалық құралдарды жобалаудың технологиялық деңгейі үшін негізгі проблема, басқару тәсілдерінің әртүрлі компоненттерінің өзара іс-әрекеттік проблемасы болып саналады. Операциялық деңгей дербес компьютерге жүктелген функцияларды анықтаумен және оларды жүзеге асыру тәсілдерін таңдаумен байланысты.

Пән мұғалімдері үшін аса маңыздысы педагогикалық бағдарламалық құралдарды жүзеге асыру, яғни басқарудың жалпы психологиялық-педагогикалық принциптерін жүзеге асыруда, бағдарламаның сценарийі бойынша оқытылатын іс-әрекетке ауыстыру болып табылады. Әдістемелік тұрғыда проблеманы шешу компьютерлік сабақтарды өткізу әдістемесі арқылы жүзеге асады. Жасалған бағдарламаларды электронды есептеуіш машинамен жүзеге асырудың да өзіндік проблемасы бар.

Бағдарламалық оқытудың дәстүрлі оқытуға қарағанда басымдылығы уақытты үнемдеуінде, білімде орынсыз қателікті жібермеуінде, оқытуды оқушылардың дербес мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сәйкестендіруінде, оқу әрекетін тұрақтандыруында болып табылады.

Педагогика ғылымдарында бағдарламалық оқыту идеяларын дамытуға негізделген көптеген педагогикалық бағдарламалық жүйелер жасалған. Оларды жасау барысында дидактикада кибернетикалық ұғымдарды дұрыс қолданбаудың салдарынан туындаған қателер де кездеседі. Оқыту бағдарламаларын оқыту процесінде пайдалануға байланысты туындаған мұндай келеңсіз көріністерді оқу аясын кеңейтудің есебінен жоюға болады. Атап айтсақ, мәселен, педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы оқыту кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы оқу серіктестігіне жағдай жасау, компьютерлік және дәстүрлі, компьютерлік емес оқыту түрлерін оңтайлы анықтау және т.б.

Ал педагогикалық жүйе дегенге келетін болсақ, біздің пайымдауымызша, «педагогикалық жүйе – заман талабына сай қасиеттері бар тұлғаны қалыптастыруда ұйымдасқан түрде, мақсатты бағыттылықпен, жоспарлы педагогикалық ықпал жасауға қажетті құралдардың, әдістер мен процестердің өзара байланысқан жиынтығы». Педагогикалық жүйенің қайсы бірі болмасын ғылыми теорияның екі ұғымын қалыптастырады: дидактикалық тапсырмалар және технологиялық оқыту, сонымен бірге әрбір дидактикалық тапсырма оқытуға барабар технологияның көмегімен шешімін табады.



Технологияның мәндік сипаты болып педагогикалық технологияда екі бағытта қарастырылатын мақсатты білім беру процесі саналады: 1) оқушылардың оқу материалын меңгеруінің сапасын диагностикалық және обьективті тұрғыда бақылау; 2) тұлғаның жалпы дамуы. Педагогикалық технологияны жасаудың және оны практикада жүзеге асырудың маңызды принципі болып құрылымдық және мазмұндық тұтастық принципі саналады. Педагогикалық технологияны құру жолындағы келесі бір маңызды нәрсе тұлғаны қалыптастыру мақсатында белгілі ғылым мен практика саласындағы оқу пәні мазмұнын нақты, мақсаттылықпен сұрыптау болып табылады. Сұрыптаудың көкейкестілігі компьютерлік технологияның көмегімен жүзеге асырылатын оқу туралы сөз болғанда ғана айтарлықтай арта түседі. Компьютерді оқыту процесінде пайдалану оқытудың мазмұнына қойылатын тәсілдерге маңызды ықпал етеді.

Оқу пәніндегі обьектілердің жиынтығын саралап көрсету үшін ыңғайлы әдістеме болып, оның логикалық құрылымы саналады. Логикалық құрылымның көмегімен оған енетін және олармен өзара логикалық байланыста болатын оқытудың мазмұны талданады. Тақырып мазмұнын логикалық тұрғыда баяндау оқу ақпаратының мазмұны қаншалықты оқу пәнінің ұсынып отырған ғылымның логикасын көрсететінін байқатады. Меңгерілген оқу материалын пайдалану тәсілі бойынша іс-әрекеттің екі түрін атап өтуге болады: репродуктивтік, алгоритмдік (белгіліні қайта баяндау) және продуктивтік, эвристивтік, шығармашылық (белгіліні қайта өңдеу және жаңаны жасау). Бұл іс-әрекеттер бізге эксперимент барысында оқушыларға компьютерлік технологияны меңгерту деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге оқушылардың технологияны меңгеруі тапсырмаларды шешу үлгісінде мақсатқа, нәтижеге қандай іс-әрекеттің көмегі арқылы жетуге болатыны қарастырылды.

Білімді меңгеру деңгейін (сапасын) бақылау құралдары болып оқушылардың білім сапасын бақылаудағы (ағымдық және соңғы) әртүрлі әдістері (ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тест жұмыстары) саналады. Біз әдістердің ішінде тестке аса мән бердік. Өйткені оқушылардың меңгерген білім сапасына арнайы құралдарда тексерілген тесттер ғана әділ баға бере алады.

Педагогикалық технологияның мазмұнын бағалауда көптеген іс-әрекет түрлері үшін ең маңыздысы, оны меңгеру дәрежесі немесе негізгі операциялармен тәсілдерді меңгерудегі автоматтандыру дәрежесі яғни дағдылардың болуы саналады. Оқушының орындайтын кез-келген іс-әрекеті құрылымын шартты түрде былайша ұсынуға болады: шамамен алынған әрекеттер (тапсырмалардың шарттарын түсіну, әрекет тәсілін таңдау және т.б.), орындаушылық әрекеттер (қызмет барысындағы тапсырмаларды шешуді қамтамасыз ететін операцияларды орындау), бақылау әрекеттері (әрекеттер нәтижесін оның үлгісіне сәйкестендіре отырып тексеру), түзетуші әрекеттер (бақылау кезіндегі анықталған қателерге байланысты бағыт бағдар немесе орындаушылық кезеңдеріне қайта оралу).

Іс-әрекеттің құрылымындағы әрбір әрекет түрінің өзіне тән міндеті мен құрылымы болады. Шамамен алынған әрекеттер орындалатын істің дұрыстығын және жұмысқа қосылу тездігін, орындаушылық – осы істің дәлдігі мен таза орындалуын, бақылаушылық – оның ой елегінен өткізілуін анықтайды. Меңгеру параметрі – «автоматтандыру» көбінесе шамамен алынған әрекетті орындау жылдамдығына байланысты болады. Оқушы шамамен алынған әрекетті ұдайы жақсы меңгерген жағдайда іс-әрекеттегі орындалатын операцияларды дұрыс таңдап, жүзеге асыра алады.

Бүгінгі таңда ғалымдардың жұмыстары негізінде (Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев және т.б.) тұлғаның психикалық қасиетін дамыту саласында оқыту мақсаттарының диагностикалық тапсырмаларына мүмкіндіктер жасалған. Сондай жетекші қасиеттерінің бірі болып оқу материалдарының мазмұнын саналы түрде меңгеру және оларды іс-әрекетте пайдалану саналады. Меңгерген нәрсені санамен қабылдау – білім мен әрекетті меңгерудегі құрғақ жаттандылыққа қарсы тұратын оқытудың басты мақсатының бірі. Іс-әрекеттің жалпы құрылымындағы адамның бақылау және түзету операцияларын орындау сапасы меңгерген оқу материалдарын саналы түрде ой елегінен өткізу дәрежесіне байланысты.

Компьютерлік технологияны оқушыларға меңгертуде оқыту әдістерінің (сөздік, көрнекілік, практикалық, білімді қабылдау, білім мен іс-әрекетті бекіту, білім мен іс-әрекетті тексеру әдістері, білім, іскерлік, шығармашылық қабілеттерді игеру әдістері, репродуктивтік, индуктивтік, дедуктивтік әдістер және т.б.), сабақ түрінде берілетін оқыту формаларының (дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақ типтері, үйірмелер, факультативтер, олимпиадалар, конференциялар, жарыстар, шығармашылық көріністер және т.б.), оқыту құралдарының (тікелей, айналмалы байланыстағы құрал; талдау, бағалау және шешім қабылдау; белгілеу, көру, есту, ескеру және т.б.) рөлі ерекше. Біз оларды оқыту процесін құру барысында эскиздік жоба жасауда тірек етеміз.

Оқытуда дидактикалық бағыттағы педагогикалық бағдарламалық құралдарды да (оқыту; диагностикалық – тестілік, жаттығу, иммитациялық, модельдік қолданбалы және аспаптық бағдарламалар) тәжірибелі-эксперимент жұмысы барысында пайдаланамыз. Олардың нәтижесі диссертацияда жан-жақты мазмұндалады.

Әдетте, оқыту технологиясы әдістеменің негізінде құрылған оқытуға қарағанда, бірнеше өзіндік ерекшеліктерге ие. Оларға диагностикалық (еске түсірілетін) және операциялық тұрғыда мақсат қоя білу, мақсатқа жетуді бақылаудың шынайы әдістері, оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің жобасы (оқыту мазмұны және оқыту процесінің құрылымы), алгоритмдік тұрғыда белгіленген оқыту процесі кезеңдерінің бірізділігі жатады.

Білім беру технологиясының маңызды ерекшелігі болып оқытуды ұйымдастыруды айтарлықтай жақсартуға, оқушылардың білім сапасын арттыруға, оқыту процесінің жекелеген бөліктерін таңдамалы түрде қайталауды жүзеге асыруға, оқыту процесінің әлсіз компоненттерін анықтап жетілдіре түсуге мүмкіндік беретін кері байланыс жүйесін қалыптастыру саналады.

Компьютерлік технологияны оқыту немесе компьютерлік технология - деп компьютерлік бағдарламалық құралдарды пайдалануға негізделген білім беру технологияларын атайды. Компьютерлік технологиялардың түрлері компьютерді оқытудың әртүрлі кезеңдерінде пайдалану деңгейімен ерекшеленеді: монотехнологиядан (барлық кезеңдерде компьютерлік қолдау көрсету) оны түсінгенге дейін (оқытудың жекелеген кезеңдеріне қолдау көрсету).

Комьютерлік технологияларды жасау мен ендіру жеке тұлғалық бағдарды технологиялықпен байланыста қарастыратын теориялық-әдіснамалық тәсілді талап етеді. Компьютерлік технология қарқындылық, жүйелілік, кіріктілік, модульдік, бейімділік, көрнекілік, аяқталғандық және т.б принциптерге сәйкес болуы тиіс. Компьютерлік технологияны құруда компьютерлік оқытудың дидактикалық принциптерін де ескеу қажет: ақпараттық адамгершілік принципі (оқыту процесінің барлық элементтері оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне бағытталуы тиіс); мультимедиялық принципі (оқыту мультимедиялық болуы керек); ақпараттық технологиялардың метапәнділік принципі (оқытудың мазмұнында оқу пәнінде көрініс алған ақпаратты ұсыну мен өңдеу тәсілдеріне назар аудару қажет). Аталған дидактикалық принциптер жоғарыда айтып өтілген педагогикалық бағдарламалық құралдарды пайдалану кезінде ескерілуі тиіс. Мұндай шарттар педагогикалық бағдарламалық құралдарда гипермедиа құрылымымен жасалуы тиіс, яғни, егер бағдарламаның ақпараттық компоненттері болып мәтіндер, сызбалар, суреттер, оқытудың бейне және анимациялық фильмдері, аудио сүйемелдеулер, кері байланыстағы тест-сұрақтар, сілтеме-ауыстырулар саналған жағдайда. Белгілі бір оқу пәні бойынша мұндай педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасау көп еңбектенуді талап етеді. Бұл әрбір мұғалімнің қолынан келе бермейтіндей тапсырма болып табылады.

Сондықтан жоғарыда сипатталған принциптердің негізінде біз компьютерлік технологияны оқыту моделін құрдық. Модельде оқыту процесін қолдау құралы ретінде біздің ұсынып отырған оқыту процесінде педагогикалық бағдарламалық құралдарын жасау мен пайдалану жөніндегі тапсырмаларын жеңілдететін аспаптық бағдарламалық жүйеге аса мән беріледі. Компьютерлік технологияны оқыту моделі кезеңдердің бірізділігінде жүзеге асады (1 сурет).

Аталған компьютерлік технологияның өзіндік ерекшелігі сол, ол мұғалімге компьютерлік ақпараттық технология саласында даярлығы аз оқу процесінде пән бойынша оқытылатын бағдарламаны жасауда және қолдануда біздің ұсынып отырған аспаптық бағдарламалық ортаны қолдануына мүмкіндік береді.









1. Оқыту тұжырым-дамасын құру



3. Оқыту мазмұнын сұрыптау

5. Тапсырмаларды анықтау (тест,

жаттығу, сұрақтар және т.б.)



9. Педагогикалық

бағдарлама

құралдарын құру

7. Оқыту әдістері,

формалары,

тәсілдерін

таңдау


2. Мақсатты анықтау



4. Оқу материалын құрылымдау

6. Оқыту процесін құру

8. Сабақтың құрылымын анықтау











10. Компьютерлік жүйенің көмегімен педагогикалық бағдар-лама құралдарын құру

11. Компьютерлік жүйенің көмегімен педагогикалық бағдарлама құралдарын қолдана отырып сабақ өткізу

12. Оқытуды талдау мен түзету (нәтижені тексеру)

Сурет 1 – Компьютерлік технологияны меңгерту құрылымы



Компьютерлік педагогикалық технология жіктемелік белгілеріне қарай (пайдалану деңгейіне; философиялық негізіне; дамудың негізгі факторына; меңгерудің тұжырымдамасына; тұлғалық құрылымға бағдарлауға; мазмұн мен құрылымның сипатына; танымдық іс-әрекетті басқару түріне; оқушы әрекетінің белгілеріне; білім алушыға деген көзқарасқа; оқыту тәсілдері мен құралдарының басылымдығына; дәстүрлі жүйені жетілдіру бағытына; білім алушылардың даярлығына) сипатталады.

Біз компьютерлік технологияны меңгерту бойынша ұйымдастырылып, өткізілетін оқу сабақтарын қалыптастыру эксперимент барысында суретте берілген кезеңдер бойынша жоғары сынып оқушыларының «технология» пәні үлгісінде қарастырдық. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың және өткізудің нақты үлгісін ұсыну бізге, жасалатын эксперименттік моделді нақты тәсілдермен толықтыруда бағдар береді. Бірінші кезеңде жоғарыда аталып өткен оқыту тұжырымдамасын қалыптастыру осы кезеңде пайдаланылады. Екінші кезеңде бүгінгі ақпараттық технологияны терең меңгерген, іс-әрекетте еркін пайдалана білетін оқушы-жастарды даярдаудағы қоғамдық мемлекеттік тапсырыстың мақсаты негізге алынады. Мемлекеттік стандарттағы пәндер бойынша меңгерілетін білім, іскерлік, дағдыға қойылған талаптар ескеріледі. Орындалатын жұмыстардың мақсаты анықталады. Үшінші кезеңде «Технология» пәні бойынша оқу бағдарламасына енген «Өндірістік технологиялар негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу» бағытының «Иық бұйымдарын құрастыру және модельдеу» бөліміндегі «Әйел көйлегін құрастыру және модельдеу» тақырыбын оқыту мазмұны айқындалып, сұрыпталады. Мазмұнды сұрыптауда және даярлауда қоғамдық сұраныс оқушылардың бейімділігіне қойылатын талаптар, мақсаттар пән бойынша берілетін білім, іскеліктерге қойылатын талаптар ескеріледі. Нәтижесінде бұл кезеңде оқу компоненттерінің тізімі анықталады, барлық бағыттың мақсаты анақтыланады. Төртінші кезеңде «Әйел көйлегін құрастыру және модельдеу» тақырыбында қарастырылатын оқу материалдары құрылымдалады, жүйеге келтіріледі, қандай түсініктерге мән беру қажеттігі анықталалып, мазмұны бойынша жіктемеге келтіріледі, өзара байланысы ашып көрсетіледі. Бесінші кезеңде «Әйел көйлегін құрастыру және модельдеу» тақырыбының үлгісі бойынша оқытудың мақсатына және меңгеру дәрежесін бағалау өлшемдеріне сәйкес оқушылардың меңгерген білімі мен әрекетін бақылап, түзету үшін тест жүйесі, әртүрлі жаттығулар, тапсырмалар дайындалады. Нәтижесінде әрбір деңгейге және барлық оқу элементтеріне байланысты тест сұрақтары, тапсырмалар құрастырылады. Алтыншы кезеңде таңдап алынған үлгі бойынша тақырыпты меңгеру процесінің жобасы, оның басты компоненттерінің өзара қатынасы және өзара әрекеттестігі анықталады: оқушының мотивациялық, танымдық іс-әрекеттері, мұғалімнің осы іс-әрекетті басқаруы. Жетінші кезеңде аталған пән бойынша оқытудың мақсаты мен пәнді оқыту әдістемесіне сәйкес негізгі әдістер, формалар мен құралдар таңдап алынады. Нәтижесінде оқыту формасын ұйымдастырудың жолдары көрсетіліп, құралдар мен әдіс-тәсілдердің өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Сегізінші кезеңде оқу сабақтарының құрылымы мен мазмұны, оқушылардың сабақтан тыс жұмыс формалары (факультативтік, эллективтік сабақтар, үйірмелер) жоспары жүзеге асады. Нәтижесінде сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны мен әдістемесі, оқу сабақтарының жоспары, бағдарламасы, компьютерлік оқыту бағдарламасының сценарииі мен оқыту бағдарламасының әрбір кадрының (слайдының) құрылымдық жобасы жасалады. Тоғызыншы кезеңде педагогикалық бағдарламалық құралдарды қалыптастыру мақсатында файл түрінде материалдар дайындалады: стандарттық бағдарламалық жүйелердің көмегімен мәтіндерді теру, графикалық сурет көріністерін жасау, бейне, анимациялық, дыбыстық және басқа мотивациялық ситуацияларды сұрыптап жазу және т.б. Оныншы кезең педагогикалық бағдарламалық құралды жобалау біз ұсынған компьютерлік бағдарламалық жүйенің сегізінші кезеңде жасалған сценарий бойынша және алдын-ала дайындалған дидактикалық материалдардың көмегімен жүзеге асырылады. Компьютерлік жүйенің көмегімен оқыту бағдарламаларын жасау механизмі мен сабақтарды өткізу барысында бағдарламаларды қолдану әдістері және сабақты жобалау кезіндегі аспаптық бағдарламаның көмегімен жүргізілген жұмыс көрінісі диссертацияда жан-жақты сипатталады. Он бірінші кезеңде педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолданумен және аспаптар жүйесінің көмегімен оқу сабақтарын өткізу жүзеге асырылады. «Әйел көйлегін құрастыру және модельдеу» тақырыбы бойынша педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдана отырып жасалған оқушылар жұмысының үлгісі де диссертацияның мазмұнында көрініс алады. Он екінші кезеңде жасалған компьютерлік технология «Әйел көйлегін құрастыру және модельдеу» тақырыбы бойынша өткізілген сабақтарда қолданылып, тексерістен өтті. Бұл кезеңде педагогикалық зерттеудің дәстүрлі әдістері (анкеттік, педагогикалық) пайдаланылады. Аталған он екі кезеңнің тоғызы (1-9) сабақты даярлауда, соңғы үш кезеңі (10-12) сабақты өткізуде негізге алынады.

Зерттеу барысында біз қазіргі жалпы білім беретін мектептерінің оқу процесінде компьютерлік технологияның жоғары сынып оқушыларына оқу сабақтарында қандай деңгейде меңгертілетінін зерделедік. Оқушылармен жүргізілген сауалнамалардың нәтижесінде олардың компьютерлік технологиядан білім, іскерліктерінің төмен екендігін, күнделікті іс-әрекетте оны еркін пайдалана алмайтынын, отандық аспаптық бағдарламалық жүйелерді және шетелдік бағдарламаларын жетік меңгермегенін, интернетті өте сирек пайдаланатынын байқадық.

Оқушылардың білім деңгейі оқытушылардың кәсіби даярлығына, оқыту әдістемесін жетік меңгеруіне байланысты болғандықтан біз облыстық мұғалімдер білімін жетілдіретін институтқа келген «Технология» пәні мұғалімдері арасында да сауалнамалар жүргіздік. Нәтижесінде 35 оқытушының 60,1%-ы компьютерлік технологияны практикалық іс-әрекетке талапқа сай пайдалана алмайтынын көрсетті. Бес жылдан астам қызмет ететін мамандардың ішінде 70%-ы қарастырылып отырған іс-әрекетке даярлығының төмен екенін байқатса, осы саладан айтарлықтай білімі бар, 4-5 жылға жуық қызмет еткен оқытушыларының 25,9% компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекетте өте сирек пайдаланатынын айтты. Солардың тек 14,0%-ы ғана компьютерлік технологияны іс-әрекетке еркін пайдалана алатынын дәлелдеді.

Осы айтылғанның бәрі жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгеруге байланысты бірегей жүйенің жеткіліксіздігін, компьютерді падалану арқылы сабақты өткізу технологиясының әлі де жетіле қоймағанын, пән сабағының даярлық әдістемелік тұрғыда жеткілікті қамтамасыз етілмегенін, компьютерлік технологияны оқыту құрылымына аса мән берілмейтінін айғақтайды.

Біз осының бәрін ескере отырып жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгеруінің моделін жасадық. Модельдің аясында компоненттер, өлшемдер мен деңгейлер қарастырылады (1 кесте).

Ұсынылған модель бізге жоғары сынып оқушыларының компьютерлік технологияны меңгеру деңгейін зерттеп білуге, компьютерлік технологияны меңгертуді қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттарды (оқу сабақтарын жобалауда және оны өткізуде оқытудың технологиялық, әдістемелік және ақпараттық бағыттарын анықтайтын оқушылар әрекетінің үлгісін ұстану; оқытудың мақсатын диагностикалау арқылы анықтау; оқу материалының мазмұнын сұрыптау мен құрылымдауды оқыту мақсатына қарай іріктеу; оқытуды бақылау мен өңдеуде түрлі деңгейдегі тесттерді қолдану; оқытушының сабақ барысын оқу процесіне бағдарламалық құралдарды ретімен енгізе отырып жоспарлауы; оқыту бағдарламаларының сценариін құрастыру; оқу материалдарын дайындауда, оқушыларды қызықтыру мен ынталандыруды ескеру; оқушының іс-әрекетіне талдау жасау, нұсқаулар ендіру) анықтауға септігін тигізді. Аталған шарттар өзара тығыз байланыста, бірін-бірі толықтыра отырып, тәжірибелі эксперимент барысында жүзеге асырылады.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Ш.Уалиханов атындағы кешенді мектеп гимназиясында, осы ауданның Н.Нысанбайұлы атындағы орта мектебінде, Шымкент қаласындағы №31 В.Терешкова атындағы орта мектебі, №46 Ш.Айтматов атындағы орта мектебінде, Қазығұрт ауданы, Рабат елді мекеніндегі П.Тәжібаева атындағы орта Төле би ауданы, Нысанбек шағын жинақты орта мектептерінде үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) өткізілді. Эсперименке 179 оқушы қатысты, оның 92 – эксперимент тобында, 87 – бақылау тобында болды.

Анықтау эксперименті барысында анкеталық сұрақтардың көмегімен жоғары сынып оқушыларының үш компонент бойынша (мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік) компьютерлік технологиядан білім, іскерлік деңгейін тексердік. Нәтижесінде компьютерлік технологиядан оқушылардың теориялық білімінің төмендігін, практикалық тәжірибесінің жоқтығын байқадық. Осыны ескере отырып біз қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияға сәйкестендіре жасаған «Технология» пәні курсының «Иық бұйымдарын құрастыру және модельдеу» тақырыбын меңгерттік. Тақырыпта қарастырылатын материалдар көлемді болғандықтан, оның әрбір элементіне терең мән бердік. Компьютерлік технологияны пайдалану барысында оқыту процесінің құрылымын, атқаратын қызметін, компонеттерінің өзара әрекеттестігін жан-жақты ашып көрсетуге талпындық. Оқытудың іс-әрекетті компонентін жүзеге асыру мақсатында тиімді жұмыс формалары, әдіс-тәсілдерін сұрыптадық. Автоматтандырылған кері байланыста оқытудың функционалды-іс-әрекеттік моделінің көмегімен оқушылардың оқыту барысында орындайтын негізгі әрекетінің кезектілігін және оқыту құралдарының функцияларын қарастырдық (2 сурет). Соның нәтижесінде алдымен, оқушының компьютермен жұмыс істеу барысындағы

1 кесте - Жоғары сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгерту моделі




Компо-ненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Деңгейлері

Мотивациялық

Компьютерлік технологияны қажетсінуі

- компьютерлік технологияның қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіну;

- компьютерлік технологияны терең меңгеруге талпынысы;

- компьютерлік технолгияның бағдарламалық жүйесін түсінуі;

- компьютерлік технолгияны шығармашылық іс-әрекетте пайдалануға талпынысы.



Өте төмен деңгей (түсіну) – репродуктивтік іс-әрекеттің ең қарапайым деңгейі мұнда барлық компоненттер белгілі (оны шешудегі мақсат, ситуация, әрекет). Оқушылардан тек осы үш компоненттің тапсырма құрылымына сәйкестігі талап етіледі.

Төмен деңгей (репродуктивтік тану, білу, алгоритмдік әрекет) – жаңа ақпаратты меңгерудің бұл деңгей оқушыларға оны қайта қабылдауда обьектіге тән сыртқы көріністі оның қайта еске түсірілген белгілерімен, іс-әрекеттің сыртқы тапсырысының соңғы өнімдері мен қайта еске түсірілген әрекет ережелерін салыстыру арқылы оның дұрыс немесе бұрыс пайдаланылатынын ажырата білуге үйретеді.

Орта деңгей (репродуктивтік, алгоритмдік әрекет) ақпаратты (іс-әрекетті) меңгерудің бұл деңгейінде оқушы өздігімен дербес ақпаратты жаңадан жасайды және оны ешбір жаңа ақпаратты (типтік тапсырманы) жасауды талап етпейтіндей әртүрлі типтік жағдайларда пайдаланады.

Жеткілікті деңгей (продуктивтік эвристикалық әрекет) бұл деңгейде оқушы меңгерілетін белгілі обьектілерді қорытындылап, олар туралы жаңа ақпаратты даярлау үшін; әрекеттің жаңа әдістерін жасауды талап ететін әртүрлі дәстүрлі емес жағдайларда меңгерілген ақпаратты қолдану үшін, меңгерген ақпаратын өздігінен қайтара өңдеп, жаңадан жасай алатын қабілетке жетеді.

Жоғары деңгей (продуктивтік, шығармашылық проблемалық жағдайлардағы әрекет – ізденіс әрекеті) – іс әрекет обьектілері туралы ақпаратты меңгеру оқушы оны белгілі обьектілерден жаңа қасиеттерді, жаңа іс-әрекет әдістерін, жаңа обьектілерді, қасиеттерді іздестіріп, табу процесінде жаңа тиімді ақпарат алуда пайдалана алатын болады.

Мазмұндық

Компьютерлік технологиядағы білімі

  • компьютерлік технологияның құрылымдық, компоненттік жүйесін білуі;

  • компьютерлік технолгия бағдарламаларының түрлерін, мазмұнын білуі;

  • компьютерлік технологияның әдістерін, формалары мен құралдарын білуі;

  • компьютерлік технологияның әдістемесін білуі;

- компьютерлік технологияның іс-әрекетте пайдалану жолдарын білуі.

Іс-әрекеттік

Компьютерлік технологияны іс-әрекетте пайдалану іскерлігі мен дағдысы

  • Компьютерлік технологияның бағдарламаларын практикада тиімді пайдалануы;

  • Компьютерлік технологияны өзінің іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдануы;

  • Компьютерлік ақпарат құралдарын іс-әрекетте пайдалануы;

  • Ақпарат материалдарын компьютерден өңдеп жетілдіруі;

  • Компьютердің көмегімен жаңадан шығармашылық туындылар жасауы.




1. Тақырып мазмұнын зерделеу

2. Оқушыға тапсырма беру

3.Оқушының жауапты енгізуі

4 Оқушыға «дұрыс» жау-ап бергендігін мәлімдеу

5 Оқушының келесі тапсырмаға көшуі











4.1 Оқушыға «дұрыс емес» мәліметін беру



6. Қосымша ақпаратты алу



5.1 Оқушының өз іс-әрекетін түзетуі

7. Оқу нәтижесі







5.2 Қателерді жөндеу












2 сурет - Оқыту бағдарламасын пайдалануда автоматтандырылған кері байланыста оқытудың функционалдық-іс-әрекеттік моделі


оқыту бағдарламасымен өзара әрекетін, содан кейін оқушы әрекетімен байланыстағы оқытушы мен оқыту бағдарламасының өзара әрекетін зерделедік. Аталған мазмұндық, функционалдық-іс-әрекет моделі бізге жұмыс барысында танымдық әрекетті кезеңдеп басқаруда, оқушы әрекетіндегі қателіктерді түзетуде, іс-әрекет барысын қадағалап отыруда, баға қоюда, оқушы жұмысына түзетулер ендіруде көмектесті дұрыс әрекетті марапаттауға бағдарлады. Осының нәтижесінде оқушылардың білімге деген ұмтылысы, көзқарасы, үлгерімі бақыланып оқудан қалыс келе жатқандарына көмек беріліп, зерек қабілет көрсеткендеріне қосымша тапсырмалар ұсынылып отырылды. Оқытушының компьютердің қолдауымен ұйымдастырып, өткізген әртүрлі типтегі оқыту сабақтары (виртуалды лабораториялық жұмыстар, жобалар, технологиялар, түрлі әрекеттер, өзгерістер шығармашылық сабақтар, іскер ойындар сабағы т.б), оқушылардың оқыту бағдарламаларын қызығушылықпен меңгеруіне септігін тигізді.

Әдетте, оқытушыға компьютерлік оқыту құралдарын пайдалану барысында құрылғылық бағдарламалық құралдар қолдау көрсетеді. Аспаптық құрал компьютерлік оқыту құралдарын жасауда оқытушы іс-әрекетінің негізгі аспабының бірі болып табылады. Осыны ескере отырып біз, қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде аспаптық жүйенің көмегімен орындалған педагогикалық бағдарламалық құралдар жобасын жүзеге асырдық. Оқушылар үшін жобада қарастырылған оқыту бағдарламасының рөлі ерекше болды. Онда мәтін, әуен үзінділері, суреттер, видеоклиптер, тестік сұрақтар, графикалық бейнелеулер, аудио үзінділер, жаттығулар, тапсырмалар арқылы берілген оқу материалдары оқушының ой өрісінің, дүниетанымының кеңеюіне, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, білім мен іскерлігінің шыңдалуына тікелей әсер етті. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа ынтасы артты, тақырыпты тез меңгеретін деңгейге жетті, өздігімен дербес шығармашылық туындылар жасай бастады. Мысалы, киім бұйымдарын модельдеуде ұлттық ою-өрнек элементтерін таңдап алған матаның түр-түсіне қарай үйлесімді пайдаланды. Оқушылардың білім, іскерлік деңгейі тесттер, тезаурус арқылы тексерілді.



Қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңінде жоғары сынып оқушыларына арнап «Компьютерлік технологияны тігін бұйымдарын өңдеуде қолдану» факультативтік курсы жүргізілді. Сабақ барысында оқушылар компьютердің көмегімен тігін бұйымдарын жобалауға үйренді, көркем-графикалық талғамын, іскерлігін қалыптастырды, алған білімдерін тұрмыста қолдана білуге машықтанды. Компьютерлік технология түрлерін және оларды қолдану аясын, даму тарихын; графикалық ақпараттарды сақтау тәсілдерін; әр түрлі графикалық пакеттердің ( «Corel Draw», «Photo Shop», «Auto CAD» т.б.) мүмкіндіктері мен оларды қолданылу бағытын компьютерлік технологияда қолданылатын ақпараттық бағдарламалық ерекшеліктерді; графикалық пакеттердің негізгі мүмкіндіктерін меңгерді. Алдын-ала жасалған сабақ сценарийлері арқылы слайдтың (кадрдың) түрлерімен (ақпараттық, бекітуші, түзетуші, бақылаушы) танысты, олардың атқаратын міндетін, бір-бірінен айырмашылығын танып білді. Егер, оқушылар ақпараттық слайдты қолданғанда мәтінге, суреттерге, киім бұйымдарының үлгілеріне, үйлесімділігіне, күрделілігіне, дизайнына, матаның түсіне, сапасына, көңіл бөлсе, бекітушілік слайдта мәтінге, сұрақтарға, суреттерге және т.б. мән берді. Өздерінің дербес орындаған жұмыстарына қажетті материалдарды таңдауда (мәтіндік файлдар, фарматтар мен графикалық бейнелер, суреттер, фотографиялар, аудио, видио және анимациялық файлдар, СД дискілері және т.б.) біздің сабаққа даярлықты әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыруға байланысты жасаған моделімізді негізге алады.

Қалыптастыру экспериментінің төртінші кезеңінде оқушылардың сыныптан тыс уақыттарда компьютердің көмегімен өздігімен дербес жасаған жұмыстары бойынша жарыстар, көрмелер ұйымдастырылды. Тігін бұйымдарының жасалу технологиясы (киім эскизін салу, модель таңдау, өлшем алу, сызба тұрғызу, киімді конструкциялау, сызба негізінде модельдеу, пішу, тігу технологиясы және т.б.) көрсетілді. Орындалған жұмыстар оқушылардың компьютерлік технологияны жақсы меңгергенін, оны тігін бұйымдарын даярлауда тиімді пайдалана білетінін, шығармашылық ізденісінің, талғамының жоғары екенін айғақтады. Мысалы, Алма Ибраева өзінің мектеп кешіне арналған көйлегінің тігу технологиясын дизайндық өңделуін, матасының таңдап алынған дизайнға үйлесімділігін экран арқылы көрсетсе, Аида Аманшаева осы орындалған көрнекілікке сәйкес келетіндей аксессуарларды дұрыс таңдады (сөмке, белбеу, аяқ киім, қол шатыр, қол сағаты немесе білезік, сырға, сақина, алқа және т.б.).

Оқушылар өздерінің компьютерлік технологиядан меңгерген білім деңгейін мектеп көлемінде өткізілген олимпиадаларда да жоғары деңгейде көрсете білді. Оны ғылыми-шығармашылық саласында компьютерді қолдану арқылы орындаған зерттеу жұмыстарының тақырыптары дәлелдейді: «Ақпараттық жүйенің тігін бұйымдарын жасаудағы рөлі», «Киімді компьютерлік жүйемен модельдеу» «Тігін бұйымдарын компьютер арқылы сәндеу», «Көйлекті пішу технологиясы», «Киімге аксессуарлар таңдау» және т.б.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы бақылау кезеңінде педагогикалық зерттеудің және қайтара жүргізілген анкеттік сауалнаманың негізінде жоғары сынып оқушылдарының компьютерлік технологияны меңгеру деңгейі анықталды. Сауалнама нәтижесі оқушылардың компьютерлік бағдарламалық жүйені мазмұнды меңгергенін, оны күнделікті іс-әрекетте тиімді пайдалана алатынын, оған деген қызығушылығының жоғары екендігін дәлелдейді (2 кесте).
2 кесте - Жоғары сынып оқушыларының компьютерлік технологияны меңгеру деңгейінің қорытынды көрсеткіштері


Деңгейлері


Эксперимент тобы 92 оқушы

Бақылау тобы – 87 оқушы

Басы

Соңы

Басы

Соңы

Жоғары

- (0%)

22 (24%)

-(0)%

%

Жеткілікті

15 (16,3%)

14(15,2%)

13(15%)

16(18,4%)

Орта

45 (48,9%)

55(59, %)

39(44,8)%

42(48,5%)

Төмен

25 (27,2%)

23 (

27(31%)

25(28,6%)

Өте төмен

7 (7,6%)

- (0%)

8(9,2%)

4(4,5%)

Эксперименттің қорытынды нәтижесі мынадай көрініс береді: егер, эксперимент тобында алғашында жоғары деңгейді көрсеткен оқушы болмаса, соңында 24,0%көтерілді, жеткілікті деңгейді көрсеткендердің саны 16,3% болса, соңында 15,2% төмендеді, орта деңгей басында 48,9% болса, соңында 59,0 % көтерілді, төмен деңгейдегілердің саны алғашында 27,2% болса, соңында 25%-ға төмендеді, өте төмен деңгейді басында 7,6% көрсетсе, соңында төмен деңгейді көрсеткен оқушы болған жоқ. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс байқалған жоқ.



Сонымен, зерттеу жұмысының нәтижесі біздің ұсынылған моделіміздің, өлшемдер мен көрсеткіштердің және деңгейлердің дұрыстығын, әдістемеміздің тиімділігін дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:

podgotovka-nauchno-pedagogicheskih-kadrov-v-oblasti-teoreticheskoj-i-socialnoj-ekologii.html
podgotovka-oficerskih-kadrov-dnepropetrovskoe-visshee-zenitnoe.html
podgotovka-perepodgotovka-i-povishenie-kvalifikacii-gosudarstvennih-sluzhashih.html
podgotovka-pitevoj-vodi-iz-istochnikov-s-povishennim-antropogennim-zagryazneniem.html
podgotovka-po-svyazi-programma-razrabotana-departamentom-podgotovki-vojsk-grazhdanskoj-oboroni-i-drugih-formirovanij.html
podgotovka-proekta-doklada-o-vsestoronem-obzore-i-ocenke-hoda-osushestvleniya-povestki-dnya-habitat.html
  • lecture.bystrickaya.ru/anitama-spravka.html
  • shkola.bystrickaya.ru/obespechenie-nacionalnoj-bezopasnosti-rk-v-kontekste-integracionnih-svyazej-stran-sng-s-1991-2001gg-chast-6.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/garmonizaciya-nalogovih-sistem-stran-chlenov-evropejskogo-soyuza.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-53-elektrodvigateli-i-ih-kommutacionnie-apparati-pravila-ustrojstva-elektroustanovok-v-red-prikaza-minenergo.html
  • universitet.bystrickaya.ru/sudebnaya-sistema-rf-istochniki-prava.html
  • abstract.bystrickaya.ru/18-vechnij-otec-dzhejms-shaller.html
  • composition.bystrickaya.ru/osnovnie-polozheniya-koncepcii-sozdaniya-sistemi-obrazovatelnih-portalov.html
  • thescience.bystrickaya.ru/kniga-rekomenduetsya-shirokomu-krugu-chitatelej.html
  • crib.bystrickaya.ru/harakteristika-stati-105-ubijstvo-po-ugolovnomu-kodeksu-rossii.html
  • lecture.bystrickaya.ru/6-stepen-prisutstviya-vliyaniya-ekonomik-stran-atr-proekta-granta.html
  • education.bystrickaya.ru/-municipalitetam-predlozhili-navesti-poryadok-v-spiskah-ocherednikov-po-programme-goszhilfonda-1200-kvartir-na-sele-ne-vostrebovani-uchastnikami-socipoteki.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/nalogovie-pravonarusheniya-i-otvetstvennost-po-nim.html
  • assessments.bystrickaya.ru/boyatsya-nado-ne-smerti-a-pustoj-zhizni-tema-filosofskaya-antropologiya.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/lekciya-dlya-roditelej.html
  • znanie.bystrickaya.ru/ahmet-bajtrsinli-ek-shibin-misal-le.html
  • shpora.bystrickaya.ru/vvedenie-predmet-metod-i-zadachi-marketinga.html
  • composition.bystrickaya.ru/plan-lekcij-po-biologicheskoj-himii-v-osennem-semestre-po-specialnosti-lechebnoe-delo-vvedenie-v-disciplinu-biohimiya-i-medicina.html
  • abstract.bystrickaya.ru/17011769-11061843-240-let-so-dnya-rozhdeniya-german-daniil-aleksandrovich.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-dlya-studentov-specialnosti-031401-kulturologiya-soderzhanie.html
  • credit.bystrickaya.ru/polozhenie-o-konkurse-sredi-municipalnih-uchrezhdenij-kulturi-za-dostizhenie-nailuchshih-pokazatelej-v-oblasti-kulturi-i-iskusstva.html
  • literature.bystrickaya.ru/dannaya-kursovaya-rabota-posvyashena-analizu-zhivopisnih-proizvedenij-florentijskoj-shkoli-konca-xv-nachala-xvi-vekov-iz-sobraniya-gosudarstvennogo-ermitazha-na-primer.html
  • college.bystrickaya.ru/21042010-g-s5-tema-stroitelstvo-stroitelen-kontrol.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/luchshij-po-professii.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/plan-klassnogo-chasa-i-vstupitelnoe-slovo.html
  • textbook.bystrickaya.ru/i-obshie-polozheniya-ob-organizacii-podgotovki-naseleniya-municipalnogo-rajona-ishimbajskij-rajon-v-oblasti-grazhdanskoj.html
  • notebook.bystrickaya.ru/klient-b-kursovaya-rabota-put-k-sebe-put-k-uverennosti.html
  • abstract.bystrickaya.ru/01122010-g-s-6-tema-stroitelstvo-stroitelen-kontrol.html
  • school.bystrickaya.ru/b-g-klyujko-ohranyaetsya-zakonom-ob-avtorskom-prave-narushenie-ofanichenij-nakladivaemih-im-stranica-18.html
  • lecture.bystrickaya.ru/error404.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/o-provedenii-chempionata-i-pervenstva.html
  • control.bystrickaya.ru/blm-beru-badarlamasi-degej-bakalavriat-akademiyali-drezhe-5v010500-defektologiya-mamandii-bojinsha-blm-bakalavri.html
  • universitet.bystrickaya.ru/ssnaya-programma-dlya-starsheklassnikov-chitaem-uchimsya-igraem-2007-2-s-75-litvinov-k-novosti-obuchayushego-i-igrovogo-po-obzor-diskov-mir-pk-2008-s-84.html
  • university.bystrickaya.ru/globalnaya-likvidaciya-poliomielita-globalnie-problemi-i-ih-znachenie-dlya-evropi-svobodnoj-ot-poliomielita.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/razvitie-rossijskoj-gosudarstvennoj-statistiki.html
  • writing.bystrickaya.ru/kreditnie-dengi-2.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.