.RU

ПОӘК «Топырақтың бонитировкасы және класификациясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

бет1/9Дата08.09.2017өлшемі1.35 Mb. 1 2 3 4 5 6 7 8 9

ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18.21.1.05/03. 2013


ПОӘК

«Топырақтың бонитировкасы және класификациясы» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар.

басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В080700 «Агрономия»

мамандығына арналған


«Топырақтың бонитировкасы және класификациясы» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ –2013
МАЗМҰНЫ

1.Глоссарий

2.Дәрістер

3.Тәжірибелік және зертханалық сабақтар


4.Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі.

1 Глоссарий

1.1.Геология – Жер туралы ғылым, оның құрылысын, құрамын, тарихын және дамуын зерттейді.

Жер бірнеше қабаттардан тұрады, олардың химиялық құрамы, физикалық түрі мен маңызы әртүрлі. Геология жердің беткі қабатын – жердің қабығын – басқа пәндермен: биологиямен, топырақтанумен, геохимиямен, геофизикамен және географиямен тығыз байланыста зерттейді.

Геология – табиғи-тарихи ғылымдардың ішінен қорытынды шығаратын білім. Оның өзі жеке салаларға бөлінеді, ал кейбір бөліктері екі немесе бірнеше бөлімің түйісер жерінен өріс алады.

Олардың негезгілері мыналар:

1.2.Минерология – минералдың жер қыртысында пайда болуына байланысты физикалық – химиялық маңызы мен үрдістерін қарастырады.

1.3.Петрография – жердің қыртысын алып жатқан қатты және борпылдақ жыныстардың минералдық құрамы мен құрылымын, олардың пайда болуын, алып жатқан орнын және геологиялық, географиялық таралуын зерттейді.

1.4.Геохимия – жер қыртысының қимылын, құрамын зерттейтін ғылым, химиялық элементтер мен олардың изотоптарының таралуын, қозғалысын және әртүрлі термо-динамикалық, физико-химиялық жағдайлардың тигізетін әсерін зерттейді.

Минерология, петрография және геохимия жердің материалдық құрамын зерттейді. Осы бөлімге топырқтану ғылымы да жатады, ол жер қыртысының ең беткі қабатын зерттейді, бұл қабат құнарлы топырақ деп аталады.

1.5.Динамикалық геологияда – геологиялық құбылыстарды қарайды (вулканизм, жер сілкіну, теңіздер мен өзендердің әрекеттерін т.б.) осы құбылыстардың жер тағдырының бұрынғы тарихындағы орнын көресетеді.

1.6.Тарихи геология – жер қыртысының өзгерісін уақыт бағдары мен кеңістікке зерттейді, органикалық өмірдің дамуын жер қыртысының дамуымен бірге байланыстырып көрсетеді.

Геология ғылымының аса маңызды саласының бірі – палентология – ол жер бетінде бұрын тіршілік еткен жан-жануарлар мен өсімдіктердің әлемін, онда сақталып қалған қазба қалдықтардан,

яғни өсімдіктер мен жануарлардың тас мүсіндеріне және қалдырған іздермен байланыстыра зерттейді.

1.7.Биология пәні – палентология, геология ілімінің ірге тасында дамып, жер тарихының даму бағдарына жаңа маңыз бен түсінік енгізді.

1.8.Тарихи геология, жер шарының тарихи дамуын және оның соңғы төртінші кезеңін аса маңызды салаға бөліп, төртінші кезеңнің геологиясы деп атайды. Төртінші кезеңнің шөгінділері ең жас және жер бетінде жатқандықтан, адамдар оларды ауыл шаруашылығы мен инженерлік бағыттағы негізгі құрал ретінде қолданады. Олардын топырақ пайда болады және олар жер астық суларынын орны.

Бұдан басқа тағы да мынандай геология бөлімдері бар: геоморфология – ол жер мүсінің пайда болуын, таралуын және оның түрлерінің құрылу заңдылықтарын зерттейді (жер бедері рельф), геотектоника – жылжуын, тау жыныстарының қарым қатынастары, жер үрдісін қарастырады. Геотектоника әртүрлі геологиялық құрылымды жыныстардың мүсін түрлерін, олардың қарым қатынастарын және заңдылықтарын, үрдістерді тудыратын құбылыстарды зерттейді.

1.9.Гидрогеология – жер астындағы сулар туралы ғылым, олардың пайда болуы, тарихи құрамы мен бағдары, динамикасы және бөлініп таралуы, жер қыртысындағы, жер астындағы химиялық, механикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым.

1.10.Инженерлік геология – геологиялық үрдістер мен тау жыныстарының маңызын, құрылыс жүргізгенде пайда болатын өзгерістерін, олардың тигізетін әсерін зерттейтін ғылым.

Қазбалы байлық туралы ғылым – геологияның бір саласы, қазба байлықтарының жер қыртысында пайда болуын, тарауын зерттейді. Бұл геология саласының ауыл шаруашылығы үшін маңызы зор (құрылыс материалдары, агрохимиялық кендер, жаңа қазба байлықтар т.б.).

ХХ ғасырда өте кең түрде дамып келе жатқан ғылым геофизика, физикалық әдістердің түрлерін жер шарына, және де жердің қыртысына, суға, ауаға, атмосфераға кең қолданады. Физикалық әдістерді қолданудың салдарынан жер қойнауының терең қабаттарын толықтыра зерттеу мүмкін болды. Бұл геофизикаға үлкен мағына беріп, оның ғылыми, әдістемелің және практикалық мәнің күшейтті /қазба байлықтарды іздеу, жер сілкінуін зерттеу, магматизм, жердің, әлемнің пайда болуы және құрылысы және т.б./.

геология ғылымы тек қана өскелең заманымыздың тұтынуға қажетті шикізаттармен қанағат етіп қоймай / көмір, газ, мұнай, темір рудасы және т.б./, материалистік көз қарасты да бейімдейді.

Геология табиғат танудың көп түрлерін, күрделі заттарын қарайды: жердің құрылуын, ондағы құрлықтар мен теңіздердің, таулар мен ойпаттардың пайда болуын, геологиялық дәуірлердегі планеталардың пайда болуының ұзақтығын; мысалы, ең ескі тау жыныстарының жасы 2,5-3 млрд. жыл, ал жердегі тіршілік ұзақтығы – 2млрд. жылдан астам.

Жалпы жердің тарихы бес үлкен уақытқа бөлінеді – эра ұзақтығы 1 кестеде көрестілген (ТМД геохронология шкаласының деректері).




Дәрістер
Дәріс №1. Кіріспе. Топырақтану ғылым жер туралы жалпы мәліметтер

  1. Кіріспе. Топырақтану ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдер

  2. Жер туралы жалпы мағлұмат

  3. Жердің қыртыстары және олардың құрамы

  4. Күн жүйесі туралы қысқаша дерек

  5. Ішкі қабаттардың ерекшелігі

  6. Планеталар және олардың серіктері

Егіншілік мәдениеті мен өнімділікті арттыруда ең басты жағдайы ауыл шаруашылығында топырақты дұрыс пайдалану болып саналады. Мұнда топырақты неғұрлым тиімді игеріп, агротехниканы жақсартып, мәдени дақылдардың дамуы мен өсуіне қолайлы жағдай жасаған сайын, олардың өнімділігі арта береді. Агротехникалық шаралар жергілікті топырақтың түр ерекшеліктеріне сәйкестеніп, сонымен қатара адамдардың іс әрекетінің нәтижесінде болатын өзгерістерге де лайықтануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, топырақтың жағдайын жақсартатын өнімді арттыратын ғылыми жүйеге негізделінген агротехникалық шараларды жасап және дұрыс қолдану үшін, топырақ туралы терең білуіміз керек, яғни оның құрамын, қасиетін, қалай пайда болғанын, табиғи жағдайы мен агротехникалық шараларын және онда қандай құбылымдар жүретінін. Осы сұрақтардың барлығымен топырақтану ғылымы шұғылданады.

Егіншілікке қатнасы бар, табиғи өндіріс күштерінің ішінде басты орынды топырақ алады. Топырақ ауыл шаруашылық өндірісіндегі ең негізгі және басқа заттармен алмастыруға болмайтын өндіріс құралы. Топырақ өсімдіктерді азот және қоректік заттармен, сумен қамтамасыз етеді. Мәдени дақылдардың өнімділігі топыраққа байланысты. Топырақ арқылы дақылдардың өсуі, сандық және сапалық қасиеттері реттеледі. Міне сондықтан адамзаттың өмір сүруі үшін керек тамақ өнімдері және материалдық заттармен қамтамасыз етіп отырады. Топырақ халықтың мәңгі және ең тұрақты байлығы болып саналады.

Топырақтың халық шаруашылығындағы негізгі және жанжақты еңбек өнімі ретіндегі оның ең басты қасиеті – құнарлығы яғни топырақтың өнімі беру қабілеттілігі. Сонымен қатар топырақтың басқа өндіріс құралдарының еі негізгі ерекшелігі, оны дұрыс пайдаланса ол тозбайды, керісінше сапасы жақсарып, құнарлығы артады.

Міне сондықтан адамзат топырақты дұрыс және жүйелі пайдаланып, оны ең мәңгі және негізгі жекеменшігі ретінде қарауы керек.

Топырақтың құнарлығы мен оны тиімді пайдалану туралы сұрақтар адамзатты егіншілікпен шұғырланған кезден бастап ойландырып келеді. Көптеген ғасырлар бойы адамдар топырақ пен оның құнарлығына байланысты табиғаттың құпия сырларын ашуға тырысуда.

Топырақтың пайда болуы, топырақ пен оның құнарлығы туралы ілімді, атақты орыс ғалымдары В.В. Докучаев, П.А. Костычев және В.Р. Вильямстердің ғылыми еңбектерінің арқасында пайда болды.

Топырақ туралы білімнің, негізін салған ғалым – Василий Васильевич Докучаев (1846-1903).

В.В. Докучаевке дейін топырақ туралы білім болған жоқ, тек кейбір топырақ туралы шашранды мағлұматтар кездесетін, олар жүйеленбеген және қорытыланбаған. Онда топырақты механикалық қоспа, тау жыныстарының беткі қабаты, инертті ұнтақ, өсімдіктерге қоректі затты беретін орын деп қарастырып келеді. Табиғат тану мен агрономия саласындағы теріс қалыптасқан пікірді бұзып, В.В. Докучаев топырақ туралы жаңа ғылым саласын ашуға кірісіп, оны өте шеберлікпен орындады.

Ол өзінің бірінші ғылымға кіріскен күндерінен бастап ақ көптеген топырақтық экпедицияларға қатынасты. Топырақтанудың ғылыми негізін қалауда Ресейдің қара топырақты облыстары мен Нижегородскай губерниясындағы зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор болады. Осы жұмыстардың қортындысы арқылы В. В. Докучаев топырақ туралы ілімнің негізгі жағдайларын бірінші болып қалыптастырып, - оны анықтап, топырақ деген ұғымға ғылыми анықтама беріп, оның даму бағытын белгіледі.

Бұл ғылымның ең басты ерекшелігі В. В. Докучаев топырақты қараған кезде, оның табиғи жеке дене екенін бірінші боп айқындады, оның пайда болуын, дамуын, уақыт пен кеңістікте үздіксіз өзгеретіндігін, өзіндік тарихи барын көрсетті. Бұл ғалым «топырақты табиғи дене ретінде ашып оны: өсімдік, минерал, хайуанаттар әлемі және т.б. заттармен қатар қойып, соның нәтижесінде топырақ туралы жаңа білімнің ірге тасын қалады».

Топырқ деп жазғы В. В. Докучаев кезкелген өсімдік пен хайуанаттар әлемі сияқты, мәңгі өмір сүреді және өзгереді, кейде дамиды ал кейде бұзылады.

Топырақтың табиғи тирихи ерекше дене екенін дұрыс анықтаудың арқасында, В. В. Докучаев бірінші боп топыраққа ғылыми анықтама береді: Топырақ – тау жыныстарының беткі, (Күндізгі) қабатында су, ауа және әртүрлі тірі және өлі организмдердің біріккен әсерінен табиғи өзгеруінің салдарынан пайда болған дене деп атады.

Басқа сөзбен айтқанда топырақ аналық тау жыныстарынан, топырақ түзілу үрдісі кезіндегі жанжақты және үздіксіз болып жатқан өзгерістердің әсерінен дамып пайда болады.

Топырақ түзілудің сипатына және бағытына осы үрдіс жүріп жатқан жердегі табиғи факторлар (себепкерлер) тікелей әсер етеді.

В. В. Докучаев негізгі себепкерлерге: аналық немесе топырақ түзуші жыныс, климат, өсімдік жамылғысы, бедер және топырақтың жасын жатқызады.

Топырақ табиғаттың ерекше денесі деген ұғымды қалыптастырып В. В. Докучаев құрлық бетінде орналасқан топырақтың жеке типтерінің кеңістікте көлденең немесе ендік аймақтық бағыт бойынша орналасу заңдылығын ашты.

Одан кейін Кавказ топырағын зерттеген кезде топырақтардың тік бағыттық немесе белдеулік орналасуын, яғни тау етегінен биік тау шыңына дейін топырақ түрлерінің бір-біріне біртіндеп ауысатынын көрсетті.

Бұл ғалым бірінші боп топырақтарды ғылыми тұрғыда жіктеді, оның топырақты картографиялағанда, топырақтанудағы практикалық жұмыстарды шешкен кезде маңызы зор. В. В. Докучаев топырақты жіктеген кезде оның табиғи дене екенін ескеріп оның негізіне бір нышанын алып қана қоймай, топырақтың сыртқы белгілерінің барлық түрлері мен қасиеттерін алды.

В. В. Докучаев ұсынған топырақтың тектік (генетикалық) жіктеуі, халықаралық сенімге ие болды. Докучаев енгізген орыстың халық атаулары: «қара топырақ», «күлген», «сортаң», «кебір» ғылыми термин боп қалыптасып, әлем топырақтанушылары оны солай атай бастады.

В. В. Докучаев топырақ картографиясының тәсілін және оның негізін қалады, бірінші боп жер шарының солтүстік бөлігінің топырақ картасын жасады, онда ол топырақтардың кеңістікте аймақтық немесе белдеулік орналасу заңдылықтарын нақтылы және айқын көрсетіп берді.

Қара топырақты аймақты терең зерттеудің нәтижесінде, ол жерде дүркін-дүркін болып тұратын қуаңшылық пен өнімнің аз алынуына қарсы қолданылатын жоспар құрды.

Бұл жоспарда қуаншылық пен күресу және жоғары әрі тұрақты өнім алу туралы шаралар қарастырылған, яғни танаптарды қорғайтын орман алқабтарын құру, қар тоқтату, керексіз жерлерге ағаш егу, майда су көздері мег көлшіктерді жасау, өзен суларын реттеу, топырақтың бетін де дәнді түйіршіктерді қалпына келтіру, эрозиялармен күресу туралы нақтылы мағлұматтар клтірілген.

Топырақтану ғылымын дамытуға өз үлесін қосқан ғылымдардың бірі В. В. Докучаевтің замандасы профессор Павел Андреевич Костычев (1845-1895) топырақ пен топырақ түзілудің биологиялық бағытын ұстанған ғалым.

Топырақты ұзақ мезгіл бойы зерттеудің нәтижесінде бұл ғалымның пікірі бойынша топырақ түзілу ең бірінші кезекте биологиялық үрдіс, топырақ жер қабығының беткі қабатында дамып, өсімдік тамырларының қарқынды дамыған тереңдігіне дейінгі аралықты қамтиды. Сондықтан топырақтанушылардың басты мақсаты топырақтың қасиетін өсімдіктерге байланысты зерттеу керек. П. А. Костычев топырақтану ғалымдарының ішінде топырақ құнарлығын өте күрделі құбылым екенін айтып, оның пайда болуына онда жүретін химиялық үрдістермен қатар, физикалық және биологиялық қасиеттерініңде маңызының зор екенін дәлелдеді. Өзінің топыраққа, оның құнарлығына байланысты көз қарасы бойынша, П.А. Костычев бүкіл ғылыми зерттеу жұмыстарын топырақ түзілудің биологиялық бағытына және топырақтың құнарлығын арттыруға арнады.

Бұл ғалым көп зерттеу жұмыстарын қара топырақпен оның органикалық бөлімдерін зерттеуге арнаған. Өзінің зерттеу жұмыстарының қортындысын «Ресей облыстарының қара топырағы» атты еңбегінде (1886) жариялады.

П. А. Костычев топырақты дұрыс өңдеу, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану, даналық шөптерді себу, қар тоқтату, қуаңшылық және эрозиямен күресу бағытында маңызды әрі терең зерттеулер жүргізіп топырақтану мен агрономия ғылымының дамуына зор еңбек сіңірді.

Топырақтану ғылымын дамытуға өз үлесін қосқан ғалымдарға: И. М. Сибирцев, С. С. Неуструев, К.Д. Глинка, А.А. Измаильский, Г.Н. Высоцкий, К.К. Гердойц, Д.Н. Прянишников, В.Р. Вильямс, Л.И. Прасолов, Б.Б. Палынов, И.В. Тюрин, А. Н. Соколовский, Н.А. Димо, И.П. Герасимов, В.А. Ковда, И.Н. Антипов-Каратаев, А.А. Роде, К.П. Горшенин, Н.П. Ремезов, Н.А. Качинский, Қазақстанда: А.И. Бесонов, Ө.О. Оспанов, В.М. Боровский, Т.Т. Тазабеков, У.Ж. Аханов, Р. Е. Елешов және т.б. жатады.

Кеңес өкіметі кезіндегі топырақтанушы ғылымдарының ішінде академик Василий Робертович Вильямстың (1863-1939) орны өте зор. Бұл ғалым бірінші боп топырақты табиғи дене және өңдіріс құралы ретінде біріктіріп зерттеді.

В.В. Докучаев құрған топырақтанудағы генетикалық бағыт пен П.А. Костычевтың агрономиялық бағытын біріктіріп, академик В.Р. Вильямс топырақтың агробиологиялық ғылым саласын қалыптастырады, соның нітижесінде топырақтанудың деңгейін жаңа бір сатыға көтереді.

В.Р. Вильямс құрған топырақ туралы ғылымның ең басты ерекшелігі топырақ түзілу үрдісіндегі ең маңызды бағыты боп, табиғаттың биологиялық факторлары негізінен өсімдіктер мен микроорганизмдерге, яғни топырақ түзілу дегеніміз биосфера мен литосфера элементтерінің немесе топырақ түзуші жыныстардың қарым-қатынасы саналады. Топырақ тау жыныстарынан құрлық бетінде оған өсімдіктер мен микроорганизмдер әсер еткенде ғана пайда болады. Тірі организмдер бар жерде ғана топырақтар дамып пайда болады.

Табиғатта топырақтардың ұзақ уақыттар бойы пайда болуын, дамуын, бір-біріне ауысуын зерттеудің нәтижесінде В.Р. Вильямс топырақ түзілудің бірлік үрдісін ашты, яғни табиғаттағы әр түрлі топырақтар жалпы топырақ даму саласынын бір сатысы боп саналады, ол жер бетіндегі бүкіл топыратың түзілуі үрдісіне тиесілі. Бұл ғалым бойынша, бүкіл топырақтардың түзілу үрдісі биосфера элементтерінің литосфераға әсерінің арқасында жүреді.

Осы зерттеу нәтижесінде В.Р. Вильямс топырақтың құнарлығы туралы ілімді дамытты, онда ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігі шексіз және үздіксіз өсп отыратындығын көрсетіп «құнарлықтың азаю заңдылығына» ғылыми тұрғыда соққы берді.

Өсімдіктердің даму және өсу жағдайларын жан-жақты зерттеудің нәтижесінде, бұл ғалым өсімдіктердің өсу факторларының бір-біріне теңдік заңдылығын ашты, және өсімдіктердің жоғары әрі тұрақты өнім алу үшін оған керек барлық факторларды, оның даму сатысына байланысты ең жоғарғы деңгейдегі мөлшерінде қамтамасыз ету керек екенін нақтылы дәлелдеп көрсетті.

Топырақ құнарлығы туралы ғылымның өзегі боп, өсімдіктердің өнімділігін үздіксіз және нақтылы түрде арттыру үшін оның барлық өсу және даму жағдайларына жан-жақты және бір мезетте әсер еткенде ғана болатындығын В.Р. Вильямс көрсетті.

В.Р. Вильямс топырақ құнарлығының басты деңгейінің бір боп саналатын топырақтың түйіртпектілігі және оның беріктлігі туралы білімді дамытты, және оны жақсарту жолдарын көрсетті.

Топырақтану ғылымында өшпес із қалдырған ғалымдар қатарына К.К. Геройц жатады. Оның топырақтардың коллоидтары және оның сіңіру сыйымдылығы туралы ілімі, топырақ құнарлығының басты маңызды бөлігі боп саналады және оның химиялық қасиеттерін ашып көрсетті. Топырақтарды гипс немесе әк беріп мелиорациялаудың теориялық негізін осы ғалымның ғылыми еңбектерінен негіз алады.

Көптеген агрохимиялық зерттеулерде, яғни топырақтарға тыңайтқыш беру және өсімдіктердің қоректенуі туралы көп еңбек сіңірген ғалым Д.Н. Прянишников. Оның топырақтарға тыңайтқыштар беру туралы ой пікірлері, егіншілікті химизациялау теориясының негізіне өзек болады.

Орталық Азия, Солтүстік Кавказ және Сібірде академик П.С. Прасоловтың жетекшілігімен жүргізілетін топырақтарды географиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осы жерлердің топырақтарының генезисі көптеген монографияларда жарық көрді.

Қазақстан топырақтарын зерттегенде Ө.О. Оспановтың сіңірген еібегі өте зор. Бұл ғалымның жетекшілігімен, республикамызда бірінші боп топырақ картасы жасалды. Қазақстан топыратарын мелиорациялау академик В.П. Боровскийдің есімімен тығыз байланысты. Фосфор тыңайтқыштарының егіншілікке деген маңызын айтқан кезде, ең бірінші кезекте академик Р. Е. Елешевтің есімі аталды.



Жер туралы жалпы мағлұмат

Жер – Күн жүйесінің бір планетасы. Басқа планеталар сияқты жердің мүсіні де шар сияқты. Жердің мүсіні шар емес, яғни полюстарына қарай қабыстырылған. Осындай жердің қабысқан мүсінін сфероид дейді. Жердің мүсінін оқыған кезде оның қабыстырлғанын ғана еске алып қоймай, оның ой-қырларында (мұхиттардың, таулардың биік қыраттары) ескерген жөн, жердің осындай шын геометриялық дұрыс емес мүсінің – геоид деп атайды.


2 кесте – Жердің негізгі деректері

Экваториальдық радиус

6378245 м

Полярлық радиус

6356863 м

Жердің эллипсоидасының қабыстырылғаны

І/289,3 = 0,4

Экватор бойындағы ұзындық

40075696 м

Жердің беті

5.1.10 х3 км³

Жердің көлемі

1.08.10х12м³

Жердің салмағы

5.974.10х27 г

Жердің тығыздығы

5,5 г/см³

Мұхиттардағы ең терең ойпат, судың беткі денгейінен 11 000 метр тереңдікте жатыр (Марианна ойпаты ), ал ең биік тау шыңы, судың беткі денгейінен 8848 м биіктікте жатыр (Джомолунгма - Эверест).

Жер шары қатты қыртыспен қапталған, литосферамен, яғни тас қабатпен, ол жердің ішкі құрылысын бақылауға мүмкіндік бермейді.Осы тас қабатының сыртқы қабаты – литосфераны – геология зертейді, яғни оның құрамын, құрылысын, дамуын, пайда болуын.Литосфераның үстінде екі қыртыс орналасқан: су немесе гидросфера, ол жердің бетінің 71% қамтып жатыр (Бұны гидрология ғылымы зерттейді) және ауа немесе атмосфера қабаты (Бұны метеорология зеттейді).

Жердің ішкі құрылысы толық зертелінген жоқ. Бұл мәселе туралы қазірше бірнеше жорамалдар бар.

Жердің тығыздығы, бүкіл әлемдік тартылыс күш заңдылығы бойынша 5,52 г/см³ тең. Өйткені жер бетіндегі тау жыныстарының орташа тығыздығы 2,7 – 2,8 г/см³ шамасында болғандықтан жердің ішкі қабаты жорамал бойынша ауыр металдардан тұрмақ.
Дәріс №2. Жердің қыртыстары және олардың құрамы


  1. Сыртқы қыртысы

  2. Гидросфера

  3. Жердің топографиясы

  4. Ішкі қабаттардың ерекшелігі

  5. Планеталар және олардың серіктері

  6. Күн жүйесі туралы қысқаша дерек

Атмосфера – газ сферасы – жердің ең сыртқы қабаты. Жердің бетінде оның құрамы шамамен мынадай: N-78,03%, O₂- 20,95 және 1% әртүрлі газдар (көмір қышқылы, судың булары,аргон,неон,гелий т.б.). Атмосфераның төменгі шекарасы – жер мен судың беті.Жоғарғы шекарасы әлі анықталған жоқ. Кейбір авторлар атмосфера қабатының қалыңдығын 1000 км шамасында бағдарлайды.

Атмосфера космос кеңістігіне біртіндеп ауысқандақтан оның жоғарғы шекарасын анықтау қиын.

Атмосфера қабатының қалыңдығы үш қабаттан тұрады:тропосфера, литосфераға жақын орналасқан,келесі жоғарғы стратосфера, ал ең сонғысы –ионосфера.

Атмосфераның агенттері: күн нұры, атмосфераның электерлік қасиеті, температуралық ауытқулары,жел,атмосферадағы булар,жауын,қар,мұз,сулар,- бұлардың барлығы үлкен геологиялық,яғни оларды қопсыту,ұнтақтау,тау жыныстарының көшуін,ең соңында осы ұнтақталған заттардың шоғырлануы және т.б. жұмыстарды атқарады.

Атмосфера әр қашан қозғалыста болады, ол күн көзінің әсерінен, континеттер мен мұхиттардың орналасуына және де жергілікті жердің ерекшелігіне байланысты өзгереді. Атмосфера мен шарлар, әртүрлі күрделі аспаптар қолданылады.

Космос ғылымның дамуына байланысты, яғни айға ғарыш станциясының қонуы және де оның арғы бетін суретке түсіруі,көптеген летчик-космонавттардың ғылыми жұмыстары, бұлардың барлығы космостың құрамы мен құрылысы туралы көп құнды деректер жинауға көмектесті.

Гидросфера- жердің бетін жалпылама алып жатқан су қабаты, оған мұхиттар,теңіздер,көлдер,өзендер жатады.

Жер шарының жалпы көлемі 510 млн.км² болса, оның 71% (361 млн.км² ) су, ал құрғақ қабат 29% (149 млн.км²) алып жатыр (3 кесте).


3 кесте – Мұхиттар мен материктердің салыстырмалы көлемі

Материктер

Көлемі, млн.км²

Мұхиттар

Көлемі, млн.км²

Евразия

54

Тыңық

180

Африка

30

Атлантика

93

Солтүстік Америка

18

Индия

75

Антарктида

14

Солтүстік мұзды

13

Австралия және Океания

9







Барлығы:

149




361

Жалпы мұхиттар көлемі құрлықтардың көлемімен салыстырғанда 2,5:1 болып тұр, яғни су көлемі басым. Тек қана Тынық мұхитты көлемінің өзі ғана 180 млн. км², құрлықтың көлемінен көп. Бірақта мынаны ескерткен жөн, жалпы су аумағының көлемі, жер планетасының көлемімен салыстырғанда оның 1:8000 бөлігін ғана алып жатыр.

Жалпы гидроясфераның негізін мұхиттар мен теңіздер құрайды, ал құрлық сулары не бәрі 0,3 %, мұның көбі тау шыңдары мен полялық аудан мұздарының еншісіне тиеді, ал ағын сулар мөлшері не бәрі 0,02 % қана.



Достарыңызбен бөлісу:

osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-oop-realizuemaya-vuzom-po-specialnosti-101600-140106-65-energoobespechenie-predpriyatij-3-stranica-3.html
osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-oop-realizuemaya-vuzom-po-specialnosti-180400-140604-65-elektroprivod-i-avtomatika-promishlennih-ustanovok-i-tehnologicheskih-kompleksov-3-stranica-5.html
osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-visshego-professionalnogo-obrazovaniya-napravlenie-podgotovki-stranica-3.html
osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-osnovnogo-obshego-obrazovaniya-mbou-bolshekokuzskaya-sosh.html
osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-osnovnogo-obshego-obrazovaniya-mkou-medinskaya-srednyaya-obsheobrazovatelnaya-shkola.html
osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-osnovnogo-obshego-obrazovaniya-municipalnogo-byudzhetnogo-obsheobrazovatelnogo-uchrezhdeniya-tabar-cherkijskaya-srednyaya-obsheobrazovatelnaya-shkola.html
  • reading.bystrickaya.ru/lekciya-po-tuberkulezu-tema-ochagovij-tuberkulez-infiltrativnij-tuberkulez-kazeoznaya-pnevmoniya-klinika-i-patogenez.html
  • grade.bystrickaya.ru/n-g-novikova-stranica-11.html
  • literature.bystrickaya.ru/chetire-ochevidca-chudesah.html
  • knigi.bystrickaya.ru/sartr-bodler-bodler-stranica-4.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/uchebnaya-programma-disciplini-metodi-optimizacii-i-variacionnoe-ischislenie.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-o-motivah-potrebnostyah-i-ih-issledovanii-praktikum-po-vozrastnoj-psihologii-udk-159-922-6076-58-bbk-88-4ya73-a16.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/skazka-shutka-sporyat-v-nej-kto-vazhnej-i-kto-nuzhnej.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/samolet-razbilsya-pod-tyumenyu-na-bortu-nahodilos-bolee-40-chelovek-mchs-informacionnoe-agentstvo-interfaks-02042012.html
  • turn.bystrickaya.ru/optimizaciya-rannej-diagnostiki-i-lecheniya-bolnih-pochechno-kletochnim-rakom-opredelenie-faktorov-prognoza-.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/zhitie-svyatogo-apostola-faddeya-chast-2.html
  • essay.bystrickaya.ru/chetverg-13-avgusta-udk-338-124-41-662-bbk-65-9-97-s-65.html
  • writing.bystrickaya.ru/1-arhitektura-s-ispolzovaniem-servera-prilozhenij-trehzvennaya-arhitektura-21-stranica-14.html
  • occupation.bystrickaya.ru/mezhdunarodnoe-chastnoe-pravo.html
  • desk.bystrickaya.ru/osobennosti-psihologicheskogo-razvitiya-detej-v-semyah-otyagoshennih-alkogolnoj-zavisimostyu.html
  • occupation.bystrickaya.ru/mitryaeva-ea-programma-konferencii-ix-gorodskaya-nauchno-prakticheskaya-konferenciya-molodih-uchenih-rgkomitet-konferencii.html
  • school.bystrickaya.ru/fizika-zvezd.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/posobie-po-obespecheniyu-prozrachnosti-dohodov-ot-prirodnih-resursov-stranica-8.html
  • testyi.bystrickaya.ru/b3-v-od6-konstruirovanie-i-tehnologiya-stroitelnih-kompozicionnih-materialov.html
  • holiday.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-po-vipolneniyu-kursovih-rabot-po-discipline-administrativnoe-pravo.html
  • school.bystrickaya.ru/kak-povisit-shansi-na-prinyatie-vashih-idej-i-predlozhenij.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/kontinentalnaya-filosofiya-filosofiya-pritvoris-ee-znatokom-dzhim-henkinson.html
  • reading.bystrickaya.ru/materialno-tehnicheskoe-osnashenie-poyasnitelnaya-zapiska-k-osnovnoj-obrazovatelnoj-programme-2-10-uchebnij-plan-10-16.html
  • testyi.bystrickaya.ru/analiz-rinka-nedvizhimosti-g-irkutska-chast-3.html
  • reading.bystrickaya.ru/kult-bogin-materej-tantrizm-13-romanenko-n-a-kazan-2003-nacionalnie-religii.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/sovremennie-podhodi-k-probleme-duhovno-nravstvennogo-vospitaniya-detej-i-puti-ee-resheniya.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/kompleks-uprazhnenij-gimnastiki-dlya-glaz-sanitarno-epidemiologicheskie-pravila.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/testovie-kontrolnie-voprosi-po-kursu-uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-pravovedenie-specialnost.html
  • doklad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-obsuzhden-na-zasedanii-kafedri-200-g.html
  • esse.bystrickaya.ru/programma-vebinara-dlya-predstavitelej-subektov-rossijskoj-federacii-iz-8-federalnih-okrugov.html
  • occupation.bystrickaya.ru/n-v-moseeva-ekaterinburg-uralskij-gos-universitet.html
  • literature.bystrickaya.ru/e-a-lobanova-zav-kafedroj-doshkolnoj-pedagogiki-i-psihologii.html
  • shkola.bystrickaya.ru/metodicheskoe-posobie-udk-373-bbk-74-100-5-stranica-7.html
  • control.bystrickaya.ru/bibliograficheskij-ukazatel-vklyuchaet-nauchnie-i-nauchno-metodologicheskie-publikacii-sotrudnikov-rostovskogo-gosudarstvennogo-universiteta-putej-soobsheniya-v-oblasti-tribologii-s-1940-2004-g-g-stranica-20.html
  • notebook.bystrickaya.ru/katastrofa-dirizhablya-r38-igor-a-muromov.html
  • composition.bystrickaya.ru/polozhenie-bivshih-voennosluzhashih-vvedenie.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.